Республикалық пікірсайыс турнирі өткізілді

RtazR Fd-y4
2018 жылдың 23-25 қара күндері Қазақстанстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде V Республикалық пікірсайыс турнирі өткізілді.
Турнирге Алматы, Шымкент, Қостанай, Павлодар, Қызылорда, Ақтау, Атырау, Ақтобе, Орал қалаларынан өтініштер қабылданып қазақ және орыс лигасы бойынша 42 фракция 84 спикер қатысты. Төрешілер құрамында пікірсайысшы мамандар аудандық, қалалық мектеп-лицейінің ұстаздары А.Мақсотов, С.Шарипов, Л.Мақсотова, Е.Тұрлыбай, Ә.Ахметов, М.Өтемісов атындағы БҚМУ оқытушысы О.Қажкенов, облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының қызметкері Н.Аткеева, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин және республикалық деңгейдегі пікірсайысшы студенттер болды.
Республикалық турнирдің салтанатты ашылу рәсімі Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен басталып, әр қаладан келген пікірсайысшы жастар таныстырылды. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекуеттік университетінің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Даришева Түймеш Малбағарқызы сөз сөйлеп 85 жылдан астам тарихы бар, киелі білім ордасының тарихына тоқталып, университет ректоры биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Серғалиев Нұрлан Хабиболлаұлының атынан барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады. Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Сакошев Аян Кажимерұлы аталмыш турнирдің маңыздылығы мен негізгі мақсатына тоқталып, үздік пікірсайысшы жастар жеңіске жетсін деп тілек білдірді. Турнир қатысушылары облыстық тарихи өлкетану мұражайын аралап, өңіріміздің тарихымен танысты. «Бастау» коворкинг орталығында пікірсайысшы жастар арнайы үш топқа бөлініп интелектуалдық сайыста мықтылықтарын дәлелдеді. Аталмыш интеллектуалдық сайыс топпен жұмыс істеу, ситуациялық сұрақтарға жауап беру, белгілі уақытта топтық тапсырмалар орындау бағытында өткізілді. Республикалық турнирдің алғашқы күні пікірсайысшылар мен төрешілер брифингімен қорытындыланды.
Турнридің екінші күні қызу тартысқа толы «АПФ» форматы бойынша үш раундтан тұратын іріктеу ойындары, «ЛД» форматы бойынша 1/8, 1/4, 1/2 ойындары өткізілді. Екінші күні барлық қатысушылар мәдени шара аясында Орал қаласындағы «Мұз айдыны» спорттық кешенінде конькимен сырғанап, шынып қайтты. Турнирдің үшінші күні «АПФ» форматы бойынша 1/8, 1/4, 1/2 , екі формат бойынша жартылай финалдық, финалдық ойындар өткізілді.
Тартысты өткен республикалық пікірсайыс турнирінің қорытындысы бойынша талантымен ерекшеленіп, жоғары нәтиже көрсеткен Алматы қаласы Алматы Технологиялық университетінің «Азамзатқа аманат» тобы – Жұмахан Нұржан пен Габдулхали Исламға «М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ректорының арнайы жүлдесі» табысталады. Қазақ лигасы бойынша жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен С.Баишев атындағы университеттің студенттерінен құралған «Тарихты жазамыз» тобы – Бітімбай Исламбек, Таубай Айсұлтан, Жүлделі ІІ дәрежелі дипломмен Павлдодар мемлекеттік педагогикалық университетің студенттерінен құралған «Шыңғыс хат» тобы – Молдасапар Шыңғыс, Молдабекова Ханзада марапатталды. Республикалық пікір сайыс турнирінің жеңімпазы І дәрежелі дипломмен Альфараби Қазақ Ұлттық университеті мен Х.Досмағамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің жастарынан құралған «Құс жолы» фракциясы – Тұрсынғалиев Нұрсұлтан, Үмбетжан Асхат марапатталды. Турнирдің «Үздік спикер» номинациясына Алматы қаласы «Тұран» университеті «Феникс» фракциясының пікірсайысшысы Іңкәров Ерғали, «Үздік төреші» номинациясына Шайқы Ақерке лайық деп танылды. Орыс лигасы бойынша жүлделі ІІІ орымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Eror 404» тобы – Лим Мира, Орынбасар Алина, жүлделі ІІ орынмен «Грозный» фракциясы –Досимов Мирас, Висаригова Анита марапатталды. Орыс Лигасы бойынша жүлделі І орынды Ақтөбе қаласы Қазақ-Орыс халықаралық университетінің студенттерінен құралған «Авангард» тобы - Қадыркулова Альбина, Есеналин Роман жеңіп алды. «Үздік спикер» номинациясымен Досимов Мирас, «Үздік төреші» номинациясымен Меңдіғалиева Диана марапатталды. Турнирдің барлық қатысушыларына арнайы алғыс хаттармен, сертификаттар табысталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, бағалы сыйлықтармен және арнайы кубоктармен марапатталды. Дәстүрге айналған пікірсайыс тунирінің «Үздік ұжым» аталымының арнайы кубогін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университінің пікірсайысшылары иемденді. «Үздік вайзер» номинациясын Мұратова Айгерім жеңіп алды. Еліміздің әр өңірінен келген республикалық пікірсайыс турнирінің барлық қатысушылары аталмыш турнирдің ұйымдастырушыларына ерекше ықыласпен, зор алғыс білдіріп өз пікірлерін қалдырды.

tnShUDJSniU

hng9CcSVEBI

YCejQGy3rFU

qXh9RlHrC0c

 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua