Студенттік құрылыс және «Жасыл ел» ашылуы ұйымдастырылды

Бүгін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ІІІ-жазғы еңбек маусымында қаламыздың көркеюіне аянбай ат салысатын білім ордамыздың мақсаткер жастарынан құрылған Студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары маусымының салтанатты ашылуы ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып келе жатырған Студенттік құрылыс жасағы мен «Жасыл ел» бағдарламасының негізгі мақсаты студенттердің материалдық және әлеуметтік мәселелерін шешу және жастарды еңбекпен қамту, үш айлық кезекті еңбек маусымы студент-жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға көзделген.

Ашылу салтанатына орай құттықтау сөз М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Даришева Түймеш Малбағарқызына, Батыс Қазақстан облысы жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының консультациялық қызмет көрсету бөлімінің басшысы Ашимов Белен Абзалұлына және Қазақстан Респуликасы «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының Батыс Қазақстан бойынша штабының жетекшісі Досмағамбетов Қанат Болатұлына ұсынылды.

Салтанатты жиынға студенттік шақтарында еңбекке араласып, өз оқу орнының мақтанышына айналған ардагер ұстаздарымыз қатысты олар Жардемов Жұбанышқали Садырұлы - 1976 жылы - «Олимп», 1988 жылы – «Данко», 1989 жылы – «Мұғалім», 1990 жылы жер сілкінісі апатына ұшыраған Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданында «Старт», «Уралец», 2003 жылы жер сілкінісі апатына ұшыраған Оңтүстік Қазақстан облысы Тұрар Рысқұлов ауданының Луговой кентінде «Отан» студенттік құрылыс жасақтарының командирі; Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы - 1984 жылы «Данко» құрылыс жасағының командирі;

Елбасының бастамасын қолдау мақсатында 2001 жылдан бері бастау алған Студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жұмыстарына М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері тек жоғары сатылардан көрініп, «Үздік жасақ», «Үздік жауынгер», «Үздік командир» және «Үздік оқу орны» сынды номинацияларда жеңімпаз аталынып, жоғары нәтижелі көрсеткіштерімен қуантуда. Биылғы жылы 4 студенттік құрылыс жасағында 78 студент қызмет атқарса, 120 студент «Жасыл ел» жастар еңбек жасағында жұмыс жасауға сақадай сай дайын екенін айтылды. Ендеше студенттік кездерінде сапалы білім алып қана қоймай, жазғы демалыс уақытында еліміздің көркеюіне өз үлестерін қосатын сарбаздарға ІІІ-жазғы еңбек маусымында сәттілік тілейміз!

 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua