Бақытбек Смағұлдың БҚМУ студенттерімен кездесуі

Наурыз айының 30 жұлдызы күні Маxамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде белгілі Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісінің депутаты, Ауған соғысының ардагері Смағұл Бақытбекпен белсенді студенттер арасында кездесу жүргізілді. Қазақтың біртуар ұлы, қоғам қайраткерінің қанатты сөздері аудиторияда жиналған жалынды жастарды одан әрі сусындата түсті. Бақытбек мырза өз әңгімесін сабырлы күйде тұрып салмақты бастады.Өткір- өткір сөйлегенде студенттер ынта- зейінмен тындады.

Мұнда өзінің өлеңдерін оқып, болашақ жастардың қолында екенін айтып жеткізген болатын. Кездесуде Ауған соғысының ардагерлеріне қазіргі таңда көрсетіліп жатқан көмек,жастар үшін жасалып жатқан жағдай, Смағұл Бақытбектің өмірі сөз етілді. Өзінің шығармашылығын ортаға салғанда жастарды сүйсіндірді.Белсенді студент жастар ұлтшылдығын арттыру жолында үлкен мотивациялық сезімге ие болды. Филология факультетінің филология қазақ тіл мамандығының 4 курс студенті Шығыров Асланбек пен физика-математика мамандығының 2 курс студенті Уаxитова Дана арнауларын оқыды.Қарапайымдылықты жанына серік еткен, адалдық пен талаптылығын көзінен-ақ, сөзінен-ақ байқаған келешек ұрпақтың жан тебіренісін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Жарқын жүзділігімен, айбат ырғақты дауысымен аудиторияны баурап алды. Смағұл Бақытбек үнемі жастарды қолдап, қоштап жүреді. Ол шындық үшін күрес жолындағы өзінің ұстанымын баян етті. Салиқалы сөздерінен қуат алған жастар кездесуден үлкен әсер алды. Отансүйгіштік рухқа бөленген жастар ыстық ықыласын білдіріп, көкейтесті сұрақтарын қойды . "Әр жастың өзіне сай биік сезімдері болу керек: ол – ұлттық сезім, Отанына деген сезім және білімге, рухани-парасатқа, өз ұлтын, тілін сақтауға деген құштарлық" деп Мұxтар Шаxанов ағамыз айтқандай өсе берейік, өркендей берейік. Елдің ертеңі жастардың қанаты талмасын.

 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua