Махамбет ұрпақтарының жазғы еңбек семестрі сәтті басталды

zhasil el 3Наурыз айынан бастап «Жасыл ел» және студенттік құрылыс жасақтары қалыптастыру барысында студенттерді жан-жақты  қалыптастыруға арналған шаралар өткізілді. Студенттердің жазғы семстрді еңбекке дайындығын нығайту барысында психологиялық тренингтер, түрлі спорттық шаралар, кездесулер, достық қарым-қатынасты нығайтуға арналған көркемдік фильдер көрсетілді. Болашақ сарбаз-студенттер кешенді дамытуға бағытталған түрлі әлеуметтік іс-шаралармен қатар қала аумағында өткізілген сенбіліктерге қатыстырылды.

 

 

 

zhasil el 1  zhasil el 2  zhasil el 4

zhasil el 5 zhasil el 6 zhasil el 7 zhasil el 8 zhasil el 9 zhasil el 10 zhasil el 11 zhasil el 12 zhasil el 13 zhasil el 14 zhasil el 15 zhasil el 16 zhasil el 17 zhasil el 18 zhasil el 19

2015/2016 оқу жылының III еңбек семестрі бойынша Студенттік құрылыс жасағына 50 студент,  «Жасыл ел» көгалдандыру жасағы бойынша 115 студенттерден  жасақтар құрылды. Студенттік құрылыс жасағы бойынша қазіргі уақытта «KAZConstrutionGroup» ЖШС-нде 10 студентпен «Сұңқар»  жасағы командирі  «Мәдени тынығу жұмысы» мамандығының 2 курс студенті, студенттік декан Рахимов Оралхан Наушабатырұлы, «АзияТехСтрой» ЖШС-нде 8 студентпен «Ұлы дала ұландары»  жасағының командирі «Биология» мамандығының 2 курс студентпен, студенттік декан Қонысбаев Абылай Оңғарұлы, «ТасқалаТрансГаз» ЖШС-нде 8 студентпен «Қыран» жасағының командирі, «Тарих» мамандығының 3 курс студенті Нарынбай Бекболат Нарынбайұлы жұмыс жасап жатыр.  «Жасыл ел» көгалдандыру жастар еңбек жасағы  бойынша құрылған «Жалын» жасағы командирі «Физика» мамандығыынң 3 курс студенті Хамитова Дарья  маусым айында   белсенді, абыроймен қызмет атқарды. Жасақтың  30 студенті, 3 топқа бөлініп  жұмыс жасады: бірінші  топ  шөп  жұлу  кезінде 18 нысанды  аяқтады, екінші топ  ағаш  әктеумен  жұмыс жасап  11349 ағаш әктеді, үшінші топ  гүл отырғызуымен айналысып 12 нысанға гүл екті. Студенттер жазғы маусымда  студенттік құрылыс жасағында, «Жасыл ел» көгадандыру бағдарламасы бойынша жұмыс жасаған әрбір жас  еңбек тәрбиесін бойына практикалық тұрғыдан сіңіреді,  топта қарым-қатынас жасауын нығайтады,  ауызбіршілікке, жауапкершілікке үйренеді. Студент жастардың еңбекке шыңдалатын ортасы екені көзіміз жетті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua