«БҚМУ КӨКТЕМІ – 2016» фестивалі

19-04-1М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері арасында өткізілетін дәстүрлі «БҚМУ КӨКТЕМІ – 2016» фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі болды.

Студенттік өзін-өзі басқару ұйымы мен студенттік кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен ашылған дәстүрлі «БҚМУ КӨКТЕМІ – 2016»  фестиваліне алдын ала іріктеуден өткен 6 факультеттен  500-ден аса студент қатысып жатыр. 

19-04-2 19-04-3Олар фестиваль барысында жаңа Қазақстанның қалыптасуы мен жетістіктерін және Тәуелсіздіктің тарихи маңызын көрсететін 10 аталым бойынша сынға түсіп, көрермендер назарына ұсынатын болады. Дәстүрлі «БҚМУ КӨКТЕМІ – 2016»   фестивалінің салтанатты ашылу рәсімінен кейін жаратылыстану-география факультетінің концерттік бағдарламасымен жалғасты. «БҚМУ КӨКТЕМІ – 2016»   фестивалі аптаның соңына дейін жалғаспақ. Сайысқа түсушілер жеңіске жету үшін барын салуда және әр факультеттің намысын қорғауға келген өнерпаздар қатары белсенділіктерін бай¬қатуда. Жеңіске тек мықтылар жетеді дегендей, барша өнер фестиваліне қатысушы сайыскерлерге тек жеңіс пен жүлделі болуды тілейміз.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua