Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

logoСыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі дүние жүзінің мемлекеттері  үшін өзекті, ортақ мәселе. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Республика тұрғындарына; «Жемқорлық біздің өміріміздегі  әртүрлі салаға терең еніп келеді, жемқорлық – экономикамызды түсіреді, құртады» - деп айтқан болатын. Елбасы жемқорлық мәселесін көптеген жылдар бойы қатаң бақылауға алып жүр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын насихаттау бойынша, 2014 жылдың сәуір, мамыр айларында Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментімен,  яғни,  қаржы полициясы  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31  наурыздағы №308 қаулысымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс – қимыл  жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны іске асыру шеңберінде, жастардың сыбайлас жемқорлық мәселесіне тарту мақсатында Батыс Қазақстан  облысының жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасы мен  Орал  қаласының студенттер альянсымен бірлесе отырып, 2014 жылдың 5 мамыры күні  бұқаралық ақпарат құралдарында және  ғаламтор  желісінде кең көлемде жариялай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы флэш-моб түрінде акция  өткізді. Осы акцияның өтуіне жастар даму орталығы, сонымен қатар  30–дан астам студент  белсенді қатысты. Акция  «144  сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» ұранымен өтті.

 

«Физика» мамандығының 3-курс студенті Дүйсенбаев Төрехан

Таза сессия

М.Өтемісов  атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің  ректорының 2014 жылдың 14 мамырындағы №013-305 бұйрығына сәйкес 19 мамыр мен 30 маусым аралығында  сыбайлас жемқорлықпен күрес комиссиясы мен жастар даму  орталығы  мүшелері жазғы емтихан сессиясы кезінде бақылаушы ретінде жұмыс жүргізді. Комиссия мүшелері 2013 жылдың 23 қарашасында университет ректоры бекіткен жемқорлыққа қарсы бақылау комиссиясы туралы ережеге сәйкес  емтиханның  таза өтуіне, сонымен қатар  емтихан  тапсыру  кезінде  техникалық   қателіктер   болған   жағдайда  алдын – алу мақсатында   жұмыс жүргізді. Бақылау комиссиясы алдын ала орталықта дайындалған емтихан кестесімен танысып, өздеріне бақылауға бөлінген факультеттерде болып, кафедраларға кіріп, сессияны өткізуге дайындығын тексерді.

Комиссия мүшелері өз есептерінде кафедраларда «Емтихандық талаптар» папкасы әзірленгенін, онда студенттердің теориялық білімдері мен  практикалық жұмыстарының көлемі, бағалау өлшемдері көрсетілгенін, ауызша өткізілетін емтихандардың билеттері дайындалып конвертке салынып, сыртына кафедра мен факультет ОӘК отырыстарының бекіткен күні, хаттама номерлері жазылып,  меңгеруші мен төрағаның қолдары қойылғанын және ауызша емтихандарды екі оқытушыдан қабылдау тәртібі сақталғанын атап көрсетті. Барлық емтихандар уақытында басталса, тест түріндегі емтихандарды пән оқытушылары қадағалап, ведомостіге қолдарын қойып отырған.

         Комиссия мүшелерінің байқауынша да, жекелеген студенттермен сөйлескенде де жазғы сессия кезінде жемқорлық фактілері болмағандығын растайды. 

 

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua