«5В060600 - Химия» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиадада жүлделі орын

himiya 12014 жылдың 27-28 наурыз аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің арасында «5В060600-Химия» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиадасы ұйымдастырылды.

Жалпы олимпиадаға Республиканың жоғары оқу орындарынан  8 команда қатынасты. Шараға М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жаратылыстану-география факультеті химия кафедрасының студенттерінен құралған «Махамбет» командасы қатынасты. Қоманда құрамында  «5В060600 - Химия» мамандығы 01303 топ студенттері Серікұлы Нұрбек, Әлібиұлы Теңел және 01203а топ студенті Ерошев Оралбек.

 

himiya 2Аталмыш команданы олимпиадаға дайындаған университетіміздің белгілі ғалымы, химия ғылымдарының докторы, химия кафедрасының профессоры Дина Кенжебекқызы Мендалиева. Олимпиада қорытындысы бойынша командалық есепте университет командасы жүлделі ІІ орынға ие болды. Сонымен қатар, жеке есепте 01303 топ студенті, команда басшысы Серікұлы Нұрбек жоғары көрсеткіш көрсетіп, екінші орын алды. Жыл сайын ұйымдастырылатын «5В060600-Химия» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиадасында университет командасы жүлделі орындар алып жүр. Биылда сондай жоғарыдан көрінген студенттерімізге оқуда озат және оқып жатырған мамандықтарының кәсіби маманы болуға тілектеспіз. Қашанда университет туын жоғары биіктен көрсете берсін деген тілек білдіреміз.       

 

Жаратылыстану-география факультеті

 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua