Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде VI республикалық студенттік олимпиада өтті

logo5В090600 Мәдени - тынығу жұмысы және 5В091000 Кітапхана ісі мамандығы бойынша VI республикалық студенттік олимпиада

Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті  үстіміздегі жылдың 12-13 наурыз күндері  5В090600 - Мәдени-тынығу жұмысы мамандығы бойынша VI республикалық студенттік олимпиада өтті.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мәдени-тынығу жұмысы мамандығының студенттері 2010-2011, 2011-2012, 2012-2013 оқу жылдарында аталмыш олимпиададан 2-орынға ие болған еді. 

Биылғы «Мәңгілік ел жастары» тақырыбындағы республикалық олимпиададан да мамандық 2-ші орынмен оралды.

Жарыс барасында, бірінші кезең «Мәдени-тынығу жұмысының тарихы мен теориясы» пәні бойынша тест тапсырса, екінші кезең, алдын-ала берілген тақырып бойынша шағын көрініс қою міндеттелді. Берілген 15-20 минут ішінде команда мүшелері «Мәңгілік ел жастары» тақырыбын аша отырып, мамандықтарына сәйкес оқып жатырған «Сценарий шеберлігі», «Сахна тілі», «Сахна қозғалысы», «Вокал», «Бос уақытты көркемдік бұқаралық-ұйымдастыру» т.б. пәндер бойынша алған білімдері мен дағдыларын жан-жақты көрсетуі құпталды. 

5В090600 - Мәдени-тынығу жұмысы мамандығыныңстуденттерінен құрылған команда мүшелері:

1. Орашев Әділет Бақтыбайұлы – 11306а топ студенті;

2. Садихова Бибигул Саматовна – 11306а топ студенті;

3. Айтқалиев Нұрлыбек Жазгарұлы – 11208 топ студенті;

4. Бақытова Аида Ерболатқызы  – 11208 топ студенті;

5. Хайыров Мейрам Серикович– 11208 топ студенті;

6. Қасымова Зинат Қуандыққызы – 11203 топ студенті.

 

Жетекшісі  5В090600  Мәдени-тынығу жұмысы мамандығының оқытушысы Серікқали А.С.

 

5В091000  Кітапхана ісі мамандығы бойынша VI республикалық пәндік олимпиада 

Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті  2014 жылдың 12-13 наурыз күндері  5В091000 –Кітапхана ісі мамандығы бойынша VI республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізді. 

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Кітапхана ісі мамандығының студенттері 2010-2011, 2011-2012, 2012-2013 оқу жылдарында аталмыш олимпиададан 2-орындарға ие болған еді. 

Шымкент қаласында 5В091000 - Кітапхана ісі мамандығы бойынша VI республикалық студенттік пәндік олимпиадаға университет атынантөменде көрсетілген 5В091000  Кітапхана ісі мамандығыныңстуденттері қатысты.

Команда аты: «Махамбет»

Команда мүшелері:

1. Әбшүкірова Гүлзия Бөгембайқызы – 10206 топ студенті;

2. Кендебаева Мереке Қуанышқызы – 10206 топ студенті;

3. Нұрекешова Наташа Нұрланқызы – 10206 топ студенті;

4. Ізтлеуова Айдана Рустымқызы – 10206 топ студенті;

Команда жетекшісі 5В091000  Кітапхана ісі мамандығыныңаға оқытушы С.М. Сатагалиева. 

Ереже бойынша олимпиада үш турға бөлінді, бірінші тур тест, екінші тур кітап көрмесін ұйымдастыру, үшінші тур үй тапсырмасы «Электронды кітапхана» тақырыбына презентация немесе бейнеролик дайындау. Аталған үш тур бойынша команда өте жоғары балл жинады, өздерінің кәсіби деңгейлерінің жоғары екендігін дәлелдеді, оған себеп, команда түсірген бейнероликті қазылар алқасы өздеріне естелікке жаздырып алды. 

Ал, екінші турдағы сайыста Махамбет командасы кітап көрмесіне сол жерде тақырып тауып, оны таныстыруда тіл байлығын, сөз шеберлігін танытты. Әсіресе, команда капитаны Әбшүкірова Гүлзия команданы бір кісідей жұмылдыра ұйымдастырып, кітапханашы мамандығының мәртебесін көтеріп, өте жақсы жағынан көрсете алды.  

 

13 наурыз күні  VI республикалық студенттік пәндік олимпиаданың жабылу салтанатына қатысып, команда жүлделі екінші орынды иеленуіне байланысты II дәрежелі дипломмен марапатталды және студенттерді жоғары ғылыми және теориялық деңгейде дайындап, Олимпиада жұмысына белсене қатысқаны үшін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Ж.Мырхалықов атынан жетекші С.М.Сатағалиеваға алғыс хат берілді. Командаға сыйлық ретінде «Ежелгі мифтер» атты кітабын сыйға тартты.

 

 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua