11 февраля студенческий деканат факультета естественно-географического факультета провели собрание на тему послания Президента Республики Казахстан.

suret 1Баршаға мәлім, осы жылдың басында Елбасымыз өзінің кезекті олдауын хабарлаған болатын. Осыдан бір айдың төңірегінде уақыт өтсе де, көгілдір экраннан көріп жүргендеріңіздей Қазақстанның оқу орындарының студенттері маңызды жолдауды талқылауда.

Ақпанның 11 жұлдызы күні Жаратылыстану-география факультетімен студенттік деканатының ұйымдастыруымен Елбасымыздың жаңалығын, яғни халыққа Жолдауын талқылауға факультетіміздің барлық студенттері жиналды. Студенттер «Мәңгілік Ел» атты жолдауды тағы бір мәрте тыңдап, өз ойларын ортаға салды. Жастарымыздың ойы бір жерден щықты десем қателеспеспін. «Мәңгілік Ел –қазақстандықтарды кемел келешекке бастайтын даңғыл жол. Біздің күшіміз – бірлікте. Ендеше, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратындай бірлігіміз болса, қаймақтай ұйыған татулығымыз сақталса, ауызбіршілігіміз мықты, білім мен ғылымда аянбай еңбек етсек, алауыздық пен жемқорлыққа жол жоқ болса, Елімізді Мәңгілік етуге күшіміз жетерлік» деді Жаратылыстану-география факультеті декан орынбасары Ақан Асқарұлы. «Күніміз оңынан туып, кемел келешекке қадам басып келеміз. Кеш қалмай білім алып, еліміздің игісі үшін еңбектеніп, әр адам өзін кейінгі ұрпақ үлгі тұтар, жеке тұлға ретінде қалыптастыру керек» деп студенттерге ақыл кеңесін айтты. Елбасымыздың мүмкіндігі шектеулі, асыраушысынан айырылған жандардың жағдайларын жақсарту мақсатында, оларға көп көңіл бөлгендігі бізді қуантады. Білім мен ғылымды да назардан тыс қалдырмаған. Басты мақсаттардың бірі – дамыған 30 елдің қатарына кіру. Ол үшін, жолдауда көрсетілгендей әлеуметтік саланы, экономикамызды, өндірістік салаларды дамыту болып отыр. Жастар, Болашақ біздікі! «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, жалынды жастарымыз бір арданада бірігіп еңбек етсе, алынбаған қамал қалмайды.Әрбір күнімізді мерекелі ету өз қолымызда. Елімізді көркейту мақсатында істелген әрбір ісіміз оңтайлы нәтижесін берсін. Көз жетпеген жерге сөз жетеді. Ойымызды сөзбен білдірсек, күшімізді іспен дәлелдейік. Арық айтып, семіз шығайық! Бірлік атты ғаламшарға Мәңгі қоныстанған Ел болайық.

 «Жарқын іспен күллі әлемдәі таң қылып, жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік» деген Елбасымыздың сөзі барша қазақстандақтардың ұранына айналғай.

 

suret 2

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua