Физика мен математиканы оқытуға арналған цифрлық ресурсты пайдалану атты шеберлік сыныбының есебі

20.02-25.02.17 аралығында Физика- математика факультетінде «Электронды оқытуды ендірудің міндеттері мен перспективалары» атты әдістемелік апталық барысынды физика және математика кафедрасының оқытушылары Айтенова Г.М, Мухамбетова. Б.Ж, Құмарова А.Н ның ұйымдастыруымен “Физика мен математиканы оқытуға арналған  цифрлық ресурсты пайдалану” тақырыбында шеберлік сыныбы болып өтті. 

Алғаш сөз кезігі Құмарова Айнаш Нұрболқызының Паскаль программалау тілінің физика пәнінің есептерін шешуде пайдасы мол екенін атап өтіп, келген мектеп оқытушыларына жеке компьютерлер арқылы тапсырма беріліп, мұғалімдер өздері жеке орындап шықты. Содан соң Мухамбетова Ботагоз Жантілешқызы мен Айтенова Гүлсезім Мұратқызы алгебра және геометрия сабақтарында қолданып, есеп шығаруға, оқушыларға жаңа материалды түсіндіруге көп көмегін тигізетін GeoGebra, SmathStudio сонымен қатар, Advanced Grapher сынды бағдарламаларымен кеңінен таныстырып өтті. Бұл бағдарламалар әрбір ұстаз үшін жұмысын жеңілдетіп, білім сапасын арттыруға көмегі зор екені түсіндірілді. Әрбір бағдарламаның ерекшеліктері, есеп шығару үлгілері, график салу тәсілдері үйретілді. Мұғалім бірінші жаңа педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, екіншіден меңгереді, үшіншіден тәжірибеде қолданады, төртіншіден оны дамытып нәтижесін көрсетеді. Білім беру сапасын жақсартудың бірден - бір жолы – жаңа педагогикалық технологияларды қолданып, оқытудың  жаңа  компьютерлік технологияларының  жоғары және арнаулы оқу  орындарында оқу процесіне кеңінен енуі студенттердің өзіндік және шығармашылық  белсенділігін дамытады және өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулитыны шеберлік сабақ барысында түсіндірілді. Шеберлік сыныбының соңында әрбір мектеп мұғалімі осы бағдарламалардың электронды нұсқасымен толықтай қамтамасыз етілді. 

metod nedel 1 metod nedel 2 metod nedel 3

 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua