Областная научно-практическая конференция «Экологические проблемы в Западно-Казахстанской области»

geog 103.12.2015 күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жаратылыстану-география факультетінде «Батыс Қазақстан облысының экологиялық мәселелері» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ғылыми-тәжірибелік конференцияға университеттің профессор оқытушылар құрамы, студенттер, БҚМУ Болон процесі орталығының қызметкерлері, сонымен қатар Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетінің «Биотехнология және табиғатты пайдалану» ғылыми зерттеу институтының бас мамандары мен қызметкерлері, Орал орман шаруашылығы, облыстық экологиялық-биологиялық орталықтың қызметкерлері және аталмыш факультетте академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша осы жылдың қыркүйек айынан бастап күні бүгінге дейін оқуларын жалғастырып жатырған Америка Құрама Штатының Долины Миссисипи университетінің «Биология және ветеринария» мамандығының студенті Kevion Young, «Экология» мамандығының студенті Ashley Watts  қатысып, баяндамалар жасады.

geog 2 geog 3

Ғылыми-тәжірибелік конференция үш тілде жүргізіліп басталғанымен, негізінен ағылшын тілінде өтті. Ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысын М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры, б.ғ.к., БҚМУ доценті Г.С. Кайсагалиева құттықтау сөздерімен ашып, пленарлық отырыста баяндама жасайтын ғалымдар, студенттер және шақырылған қонақтармен таныстырды.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияның тақырыбына арқау болып отырған Батыс Қазақстан облысының экологиялық мәселелері – «Жайық өзенінің аңғарындағы жайылмалық орман қауымдастықтарының антропогендік трансформациясы» (баяндамашы – б.ғ.д., профессор Т.Е. Дарбаева), «Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен-орны және оған жақын аймақтардардағы бұзылған экожүйлерді биологиялық рекультивациялау» (б.ғ.к., профессор М.М. Фартушина), «Батыс Қазақстан ауылдық аймақтарының географиясы» (г.ғ.к., доцент В.И. Амельченко), «Жайық және Миссисипи өзендерінің экологиялық жағдайлары» (а/ш.ғ.к., доцент Б.С. Альжанова), «Ақбөкендерді еріксіз жағдайда жерсіндіру (вальерлі ұстау)» (б.ғ.к., доцент Б.Б. Сарсенова), «Ірі қара малдың Герефорд тұқымының қанының биохимиялық көрсеткіштерінің клиникасы» (Kevion Young) «Орал қаласының кейбір аудандарындағы топырақ жабынының жағдайын биоиндикаторлар көмегімен биоиндикациялық бағалау» (Ashley Watts), «Көшім орман деңгейіндегі жайылмалық ормандардың трансформациясы» (Сисенова Г.С.) «Батыс Қазақстан облысының қорықшалары» (Амандыкова Г., 01209 «Экология» мамандығының студенті) және т.б. тақырыптардан баяндамалар қызықты да  тартымды өтті.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияның секциялық отырысында  Батыс Қазақстан облысының ғалымдары және  студенттерімен қатар, алыс шетелдік студенттердің де белсенді қатысуымен әлемдік көкейтесті мәселелер - түрлердің алуантүрлілігін сақтап қалу, өзендер мен көлдерге түсірілген техногендік қысымды азайту, ормандарды қалпына келтіру мен мониторинг жүргізу, жергілікті жердегі ақбөкендерді жерсіндіру мен сандарын көбейту және т.б. мәселелері талданды.

Аталмыш конференцияға арқау болған тақырып - болашақ жас мамандардың экологиялық мәдениеті мен әлеуметтік - белсенді көзқарасын қалыптастыру , алыс шетел студенттерімен экологиялық зерттеулер саласы және табиғатты қорғау іс-әрекеттері бойынша тәжірибе алмасу, сонымен қатар экологиялық сауаттылықты  дамыту тәрізді пайдалы іс-шараларды  болашақта жүргізе білу дағдыларын үйренуде маңызы өте зор болып табылады.

Ғылыми-тәжірибелік конференция соңында Батыс Қазақстан облысының экологиялық жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар жасалды.

Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция соңында аталмыш конференцияға белсенді қатысқандарға «қатысушы − сертификаты» берілді.

 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua