Достижение студента - праздник для педагога

logo1Студент араб тілінен аударғанда «талапкер», «ізденуші» деген мағынаны білдіреді. Қай кездің студентін алмаңыз, олар - ең бір талапты, ең бір белсенді қоғам мүшесі. Ал студенттің білімге, ғылымға талпынысы – ол ұстаз мерейі, ұстаз қуанышы. Батыс Қазақстан өлкесі, Ақжайық өңіріндегі болашақ кәсіби мамандар даярлайтын, сексен жылдан астам тарихы бар оқу ордаларының бірі – М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті де талапты жасқа білім нәрін еге білетін оқу орны. Жалпы аталмыш университет студенттерінің жетістігі қазіргі кезде күллі облыс көлеміне мәлім. Сондай жетістігіміздің бірі - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен «2015 жылы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында пәндік олимпиада өткізу кестесіне» сәйкес Алматы қаласындағы Қазақтың спорт және туризм академиясында 2015 жылдың 13-15 сәуір күндері аралығында 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы студенттерінің арасында өткен «Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша VІІ Республикалық пәндік олимпиадасы оздырылған болатын. Оған М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Педагогика факультеті 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының екінші және төртінші курс студенттері Ерген Жақсыбаев, Наурызбек Идеятов, Шархан Нұролла сынды студенттер қатысқан-ды. Топ жетекшісі – Дене тәрбиесін оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, дене шынықтыру және спорт магистрі Саят Нұрболатұлы Рысқалиев.

Пәндік олимпиадаға Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша мамандар даярлайтын барлық жоғары оқу орындарынан, оның ішінде ұлттық, мемлекеттік және жеке меншік жоғары оқу орындарынан он команда бақтарын сынады. Осы айтулы білім додасында университет атынан барған команда жалпы есепте екінші орында, ал жекелеген есеп бойынша төртінші курс студенті Ерген Жақсыбаев екінші орын, екінші курс студенті Шархан Нұролла үшінші орын, екінші курс студенті Наурызбек Идеятов үшінші орын иеленді. Барлық қатысушылар мен топ жетекшісі дипломдармен марапатталды. Енді бір айта кететін жайт, осы команда өткен оқу жылында да үздік нәтиже көрсетіп, екінші орын алған болатын. Мәселен, жекелеген есеп бойынша екінші орын алған төртінші курс студенті Ерген Жақсыбаев былтыр өткен VІ Республикалық олимпиадада жекелеген есепте үшінші орын  алған-ды. Мұның өзі мамандық студенттері білімінің жылдан жылға көтеріліп келе жатырғанының бір айғағы десек те болады.Топ нәтижелеріне қарап отырсақ, біздің студенттердің тек қана еліміздегі спорт және туризм саласы бағытындағы бас оқу орыны, Қазақтың спорт және туризм академиясы студенттерімен тайталасқанын көреміз. Ал бәрімізге белгілі аталмыш академия олимпиада чемпиондарын дайындау бағытындағы еліміздегі бірден бір оқу орыны. Бұл нәтиже студенттеріміздің білімінің қаншалықты жоғары деңгейде екендігін көрсетеді. Белгілі ойшыл, ғұлама Жүсіп Баласағұнның «Білім бақтың жібермейтін қазығы, білімсіз бақ әлдекімнің азығы» деген керемет сөзі бар. Қара шаңырақ, университетіміздің бағын асырып тұрған осындай білімді де саналы студенттеріміз қашанда көп болғай.

Ия, бүгінгі студент – ертеңгі маман. Студенттік кезден-ақ өздерінің теориялық білімін практика жүзінде сабақтастыра отырып, өздерінің білімі мен білігін республика жүзінде мойындатқан шәкірттерімізге әрқашан да сәттілік пен жарқын болашақ,ал университетте қызмет жасайтын профессор-оқытушылар құрамына және команда жетекшісі, тәжірибелі ұстаз, дене шынықтыру және спорт магистрі Саят Нұрболатұлына жемісті еңбек, шығармашылық табыс тілейміз.

 image-25-04-15-21 55-2 image-25-04-15-21 55

 

 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua