2013 жылдың 27 наурызында М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дің филология факультеті қазақ филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан өлкесінен шыққан көрнекті әдебиетші ғалымдар: фольклоршы-этнограф, ф.ғ.д., профессор М.М.Тілеужановтың және әдіск

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

М. ӨТЕМІСОВ  АТЫНДАҒЫ  БАТЫС  ҚАЗАҚСТАН  МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ  ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАЗАҚ  ФИЛОЛОГИЯСЫ  КАФЕДРАСЫ

 

АҚПАРАТТЫҚ   ХАТ

 

Құрметті  әріптестер,  ЖОО  мен  колледж  оқытушылары, білім беруді ұйымдастыру  мамандары  мен  мектеп  мұғалімдері  және  докторанттар, магистранттар!

2013 жылдың 27 наурызында М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дің филология факультеті қазақ филологиясы  кафедрасының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан өлкесінен шыққан көрнекті  әдебиетші ғалымдар: фольклоршы-этнограф, ф.ғ.д., профессор М.М.Тілеужановтың және әдіскер-педагог, п.ғ.к., профессор Қ.Ж.Мырзағалиевтің 85 жылдық мерейтойларына   арналған «Қазақ әдебиеттану ғылымы мен тіл білімі:  жаңа бағыттары  және  оқытудың  инновациялық  технологиялары» атты  аймақтық  ғылыми-тәжірибелік  конференция  өтеді.

            Конференция  жұмысының  негізгі  бағыттары:

1.      Профессор  М.М. Тілеужанов  және  қазіргі  әдебиеттану  ғылымы, фольклортану әлемі, тарихи-мәдени аспектілері

2.      Профессор  Қ.Ж. Мырзағалиев және қазақ әдебиетін оқытудың  инновациялық  технологиялары

3.      Қазақ  тіл білімі: теориясы  мен  тәжірибесі және   қазақ тілін  оқытудың  инновациялық  технологиялары

4.      Қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептерде  және орыс тілді аудиторияларда қазақ  тілі  мен  әдебиетін  оқытудың  заманауи  технологиялары

5.      Оқытудың бүгінгі педагогикалық және психологиялық ұстаным-бағыттары, этнопедагогика, этнопсихология  мәселелері, ұлттық  тәрбие  негіздері

Конференция  тілі:  қазақша. Конференция  материалдары  бойынша арнайы  жинақ  шығарылады, тіркеу кезінде қатысушыларға  таратылады.

            Мақаланың  безендірілуіне  қойылатын  талаптар:

• 2013 жылдың 10 наурызына дейін конференция жұмысына қатысу жөнінде өтініш ұйымдастыру  комитетінің  электрондық  поштасына  жіберілуі  тиіс  (тіркеу үлгісі  бойынша);

• 2013 жылдың 10 наурызына дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына мақала жіберілуі тиіс. Мақала көлемі 4 беттен аспауы тиіс. Парағы – А4. Шрифт: Microsoft WORD Times New Roman (Times New Roman KZ), өлшемі – 14, жол аралығы – 1,0 интервал. Беттің көлемі – сол жағы – 2 см, оң жағы – 2 см, жоғары және төменгі жағы – 2 см; Жоғарғы сол жағында ӘЖК (УДК) көрсетілуі тиіс, екі бос интервалдан соң қою шрифтімен бас әріппен жазылған мақаланың атауы, 2 бос интервалдан соң автор(лар)дың  аты-жөні, ғылыми  атағы,  дәрежесі, лауазымы, мекеме  атауы көрсетілуі  керек.

•  Конференцияны   ұйымдастыру  жарнасы – 2500 теңге.

Банк  реквезиттері: ҚР  Халық банкінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы, Орал қаласы ИИК KZ176010181000011617, БИК HSBKKZKX, БИН 000340002393, Код сектора экономики 6, Признак резиденства 1.

Көрсетілген  мерзімнен  кейін жіберілген мақалалар қабылданбайды. Ұйымдастыру комитеті конференцияға келіп түскен мақалаларды таңдау және жариялау құқығын өзіне қалдырады. Конференцияға  қатысу  шығындары  іссапарға жіберуші ұйымның тарапынан  төленеді.

           Мақалалар  мен  өтініштер, жарнасының  төленгені жөнінде түбіртек мына  мекен-жайда қабылданады: БҚО, Орал қаласы, М.Өтемісов атындағы  БҚМУ, Достық даңғылы, 162. №1-әкімшілік оқу ғимараты, 4-қабат, 408-каб. Қазақ  филологиясы  кафедрасы. Электрондық  пошта: e-mail: Zinulla_ Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.   және  indirok.89@mail.ru

Конференцияға  қатысушыларды  тіркеу  2013 жылдың 27 наурызында сағат 09.00-10.00 дейін  М.Өтемісов  атындағы  БҚМУ-дің  №1-әкімшілік  оқу ғимаратында жүргізіледі (Достық  даңғылы, 162).

Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефондары: жұмыс - 8(7112)513062 (+105).

Толық  ақпарат  алу үшін  Мүтиев  Зейнолла  Жақсылықұлына: 8(701)6230727,  8(777)7971007;  Нұғыманова  Индира  Тілектесқызына: 8(702)7901319  хабарласуға  болады.

 

                                       

 

 Тіркеу үлгісі (анкета):

 

Тегі, аты-жөні (толықтай)

 

Ұйымның аты (толықтай)

 

Қызметі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

 

Мақаланың тақырыбы

 

Мекен жай, телефон, E-mail          

 

 

Жарнасының төленуі жөнінде түбіртек

 

 

Конференцияға қатысу түрі

 

 

 

                                                                                   Ұйымдастыру комитеті

 

 

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua