«Ұлттық тарихты зерделеудегі жаңа қағидаттар мен міндеттер» тақырыбындағы облыстық кеңес

9 шілдеде  мемлекеттік орган жетекшілері, жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорлары, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының басшылары мен жалпы білім беру мектеп директорлары, тарих пәнінің әдістемелік кабинетінің меңгерушілері мен оқытушылары, ғалымдар, саясаткерлер мен өлкетанушылар және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Ұлттық тарихты зерделеудегі жаңа қағидаттар мен міндеттер» тақырыбындағы облыстық кеңес отырысы өтті.
Кеңеске Батыс Қазақстан облысы әкімі, Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөніндегі өңірлік кеңестің төрағасы Нұрлан Асқарұлы Ноғаев төрағалық етті. Кеңесте сөз алғандар т.ғ.д., профессор Т.З. Рысбеков «Отандық тарихты зерттеудің кейбір өзекті мәселелері», БҚО Мәдениет басқармасының облыстық тарихи және археология орталығының директоры, т.ғ.д. М.Н. Сыдықов «Основные проблемы истории Западного Казахстана», Облыстық білім басқармасының басшысы А.Ә. Мыңбаева «Орта және кәсіби білім беру ұйымдарындағы Қазақстан тарихының оқытылу жағдайы», «Жайық-Пресс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Ж.Н. Сафуллин «Ұлттық тарихты зерделеуге қатысты ұсыныстар», БҚО Мәдениет басқармасының облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Ә.Т. Жоламанов «Ұлттық мәдени мұраны сақтау және оны насихаттаудағы музейдің рөлі» және қарар қабылдау рәсімін тарих және құқық факультетінің деканы, т.ғ.к., «БҚО Жас ғалымдар кеңесі» ҚБ төрағасы С.М. Ғиззатов баяндады.

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua