Инновациялық форсаж

Қазақстанда жыл сайынғы дәстүрмен NIF$50K республикалық инновациялық бизнес-жоспарлар байқауы ұйымдастыру жоспарлануда. Осыған байланысты 2013 жылдың 18 маусымында Батыс Қазақстан облысына Астана қаласынан аттанған «Инновациялық форсаж» автобусы келді. Инновациялық автобустың келу мақсаты – рес¬публикада жүргізіліп жатқан инновациялық бизнес жоспарлар конкурсы туралы тұрғындарды ақпараттандыру және кәсіпкерлерді оған қатысуға тарту болып отыр. Байқауды ұйымдастырушы - Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен «Технологиялық даму бойынша Ұлттық агенттік» АҚ. Байқауға инновациялық жобасы бар кез келген қазақстандық қатыса алады. Жоба ең алдымен жас ғалымдар, талантты өнертапқыштар мен келешек кәсіпкерлерге үлкен сынақ алаңының рөлін атқармақ. Сонымен қатар, жоба жекелеген өнертапқыштарға ғана емес, қоғамның жалпы инновацияларға деген қызығушылығын, ал халықтың инновациялық белсенділігін арттыру үшін қажет.

Батыс Қазақстан облысына автобуспен келген қонақтар және облыс әкімдігінің қатысуымен облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұйымдастыруымен семинар өткізілді. Семинар алдында облысымыздың жоғары оқу орындары (М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Жәңгірхан атындағы БҚАТУ, КазИИТУ ғылыми кешені) және кәсіпорындары инновациялық жобалар ұсынған көрмені облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев танысып шығып, әр инноваторлармен жекелеп сөйлесті. Көрме жұмысына М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры, п.ғ.д., академик А.С. Иманғалиев пен ҒЖ және ХБ жөніндегі проректор Ә.Қ. Мұқтар және жоба авторлары қатынасты.  NIF$50K инновациялық бизнес-жоспар республикалық конкурсына М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті қызметкерлері, студенттері мен магистранттары жаңадан дайындаған төрт инновациялық жобаларын ұсынды. Олар: «Риэлторлық компанияның жұмысын виртуализациялау» жоба авторлары Габдуллаев Д.Г., Мухамбетов М.М., «Fast book bind әмбебеап құрылғысын жасау» жоба авторы Даупаев Н.М., Габдуллаев Д.Г., «DoSport» cпорттық интернет-алаң» жоба авторлары Абоимов А.Ф., Первухин О., Абдулкадырова Р.Х. және «Ашыған сүттен алынған мата» жоба авторлары Алдамжаров А., Ораз Н., Урмуратова М., Михеева А., Шевчук Е.

Ұйымдастырылған семинарда агенттіктің басқарушы директоры Серік Маратов инновациялық жобалар конкурсына қатысудың шарттары мен іріктеу кезең¬дері туралы айтып берді. Ав¬то¬буспен келген мамандар кон¬курсқа қатысқан ғылыми және инновациялық жобаларды жүзеге асырудың және оған мемлекеттен қаржы алудың жолдарын, тетіктерін түсіндірді. Семинарға қатысушылар сұрақ¬тарына жауап берді. Инновациялық жоба¬лар конкурсына қатысуға ын¬¬та білдіретін ғалымдар мен кәсіпкерлер біздің облыста аз емес. Агенттік пен тележоба өкілдері солардың бірнешеуінің жұмыс¬тары¬мен танысып, жер¬гілікті кә¬сіп¬керлерден конкурсқа өті¬ніштер қабылдады.

Ескеретін жайт, жоба аясында «Инновациялық форсаж» атты реалити-шоу түсіріледі. Еліміздегі ең танымал арналардың бірінен берілетін бұл бағдарламада өнертапқыштар өз жобаларын қорғап қана қоймай, біраз тәжірибе жинамақ. Өнертапқыштар идеясын жүзеге асыруға кәсіби мамандар тобы көмектесіп, жағдай жасайтын болады. Кеңесшілер мен бизнес-жаттықтырушылар инновациялық кәсіпкерліктің қыр-сырын әңгімелеп, қызғылықты тренингтер өткізіп, тәжірибесімен бөлісуге барын салмақ. Реалити-шоу барысында бас бәйгені еншілеген өнертапқыш 7,5 млн. теңге көлемінде сыйақы алады. Ал сайысқа түсіп, өз жаңалығының қоғамға қажеттілігіне, өзектілігіне сендіре алған, көрермен қызығушылығын тудырғандар әлеуетті инвесторлардың назардан тыс қалмайды. Қазақстан үшін де бұл жобаның өзектілігі күмән тудырмайды. Елімізде осы бағытта бірнеше мемлекеттік бағдарлама қабылданып, оларды іске асыру жұмыстары басталып та кетті. Дегенмен бұл салаға мемлекеттің ықыласы мен назары әлі де арта түсетін сыңайлы.


Ғылым және коммерцияландыру департаменті

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua