Қазақстанда филологиялық білім беруді дамытудың негізгі бағыттары

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен 2013 жылдың 16-17 мамырында Астана қаласында өткен «Қазақстанда филологиялық білім беруді дамытудың негізгі басымдықтары» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы Филологтер съезінің шешімдерін жүзеге асыру мақсатында 2013 жылдың 31 мамырында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Қазақстанда филологиялық білім беруді дамытудың негізгі бағыттары» атты аймақтық семинары ұйымдастырылды. Семинарлық мәжілісте М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры, п.ғ.д., академик А.С. Иманғалиев алғы сөз сөйледі. Семинар жұмысында М.Өтемісов атындағы БҚМУ филология факультетінің деканы, п.ғ.к., доцент Қ.Т. Утегенованың «Новый формат содержания высшего филологического образования», Қазақстан Республикасының Филологтер съезінің делагаты, ф.ғ.к., доцент З.Ж. Мүтиевтің «Қазақстан Республикасының Филологтер съезінен туындайтын шешімдердің маңызы мен өзектілігі», Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің профессоры, ф.ғ.д. А.Ш. Пангереевтің «Қазақ филологиясы: үрдістер мен тенденциялар, даму болашағы», Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті профессоры, ф.ғ.д. С.С. Дүтбаеваның «Роль филологического образования в иновационном развитии Казахстана», Батыс Қазақстан инженерлік гуманитарлық университеті проректоры, ф.ғ.д., Қазақстан Республикасының Филологтер съезінің делагаты С.Б. Мұраттың «Қазіргі түркологияның мәселелері: ізденістер мен іркілістер», Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, ф.ғ.д., Ж.А. Асановтың «Болашақ филолог-мұғалімнің кәсіптік біліктілігін қалыптастыру және жас ұрпақтың дамуындағы әдеби тәрбиенің маңызы», ф.ғ.д., М.Өтемісов атындағы БҚМУ профессоры Ғ.Қ. Хасановтың «Қазақстанда латын әліпбиіне көшудің қиындығы мен тиімділігі», ф.ғ.к., М.Өтемісов атындағы БҚМУ доценті Г.С. Умарованың «Укрепление позиции русского языка в Казахстане: проблемы и перспективы», Назарбаев Зияткерлік мектебінің координаторы, ф.ғ.к. Н.Ж. Дәулеткерееваның «Екінші тілді меңгертуге қажетті тіл үйренушінің қабылдау дағдыларын қалыптастырудың жолдары» және аға оқытушы, шет тілдер магистрі И.Н. Касимованың «Қазақстан мектептерінде ерте жастан ағылшын тілін оқыту әдістемесіне жауап беру әдісін енгізудің өзектілігі» атты тақырыпта баяндамалар оқылды. Семинар соңында филологияның өзекті мәселелеріне тоқталған жарыссөзге жалғасты.

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua