Түркі тілді халықтар тарихындағы Ғабдолла Тоқайдың орны

2013 дылдың 1 маусымында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті базасында  «Түркі тілді халықтар тарихындағы Ғабдолла Тоқайдың орны» атты халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Ғылыми тәжірибелік конференцияны өткізуге Ғ.Тоқай Еуразиялық орталығы, Башқұрт мемлекеттік университеті, Қазан федералды университеті, Татарстан Республикасы Ғылым академиясы мен М.Өтемісов атындағыБҚМУ ғалымдары ат салысты. Конференция жұмысы М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, академик А.С. Иманғалиевтың алғы сөзімен басталды. Пленарлық мәжілісте Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Г.Т. Хайруллиннің (Алматы қ.) «О культурном наследии золотой Орды (новая тяжба за историческое наследие тюрков)», профессор, филология ғылымдарының докторы Р.К. Ганиева (Қазан қ.) «Бессмертие», Башқұрт мемлекеттік университеті профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Л.Г. Саяхова (Уфа қ.) «Духовно-нравственные уроки творчества Габдуллы Тукая», М.Өтемісов атындағы БҚМУ профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, Ғ.Тоқай Еуразиялық орталығының директоры Р.А. Абузяровтың «Меценатству второго уральского ренессанса - новое дыхание» (Орал қ.), Татарстан Республикасы Ғылым академиясы Г.Ибрагимов атындағы Тіл, әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор З.З. Рамеевтің (Қазан қ.) «Уроженец Уральска – казанский историк - тукаевед», Г.Ибрагимов атындағы Тіл, әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Д.Д. Хисамованың (Қазан қ.) «Уральский период жизни и творчества Габдуллы Тукая в произведениях художников Татарстана», филология ғылымдарының кандидаты, Башқұрт мемлекеттік университеті доценты М.С. Шариповтың (Уфа қ.) «Р.Миңнуллин шигьриятендә миллипәрвәрлек идеяләрә» атты баяндамалары тыңдалды. Конференция төрт секция отырысында жалғасты: «Татар, қазақ және басқа да  халықтар тарихында және Орал қаласы тарихындағы Ғабдолла Тоқайдың орны», «Еуразиялық идея контексіндегі Ғабдолла Тоқай мұрасын жаңғырту бойынша Қазақстан және Татарстан ғалымдарының тәжірибесі мен болашақ мәселелері», «Рухани сұрақтарды толерантты шешу мәселелері: діни және ағартушылық» және «Қолданбалы және теориялық лингвистика, әдебиеттану мәселелері».

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua