“Батыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесі”

4 мамыр 2013 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Ұлы Отан соғысының ардагері, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор П.Р. Букаткиннің 90 жылдық мерейтойына арналған “Батыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесі” атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылды. Конференцияның ашылуында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, п.ғ.д., академик А.С. Иманғалиевтың алғы сөзімен бастап, Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.А. Ноғаев құттықтау сөз сөйледі. Конференция жұмысында  т.ғ.д., профессор А.М.Нұрғалиева «П.Р. Букаткиннің өмірі мен қызметі» тақырыбында баяндама оқыды. Ұлы Отан соғысының ардагері, т.ғ.к., профессор П.Р. Букаткиннің «Западный Казахстан – ближний тыл Сталинградского фронта» тақырыбындағы баяндамасымен жалғасып, сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы, т.ғ.к. М.Ә. Мухамбетовтың, Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының профессоры, п.ғ.к. Н.Н. Пересветовтың баяндамалары тыңдалды. Конференция соңында профессор П.Р. Букаткинге шәкірттері тарапынан құттықтаулар жолданды.
Конференция жұмысының жалғасы «Ұлы Отан соғысы тарихының зерттелуінің өзекті мәселелері», «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Батыс Қазақстан» және «Ұлы Отан соғысы тарихын оқыту негізінде қазіргі таңдағы жастарға патриоттық тәрбие беру мәселелері» атты секция отырыстарында өтті.


Ғылым және коммерцияландыру департаменті

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua