«В.И. Дальдің филологиялық мұрасы» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция

30 сәуір 2013 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «В.И. Дальдің филологиялық мұрасы» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Конференция жұмысында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, п.ғ.д., академик А.С. Иманғалиевтың алғы сөзімен басталды. Сонымен қатар, пленарлық отырыста Орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Г.С. Умарованың «Концепт Аксакал как отражение картины мира казахов в повести В.И. Даля «Бикей и Мауляна», аға оқытушы Р.Э. Винниктің «Особенности дискурса повести В.И. Даля «Жизнь человека, или Прогулка по Невскому проспекту», Тілдерді оқытудың практикалық курсы кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. М.Қ. Ажғалиевтың «Қазақ және орыс халықтары қарым-қатынасы тарихындағы В.Даль шығармаларының маңызы мен рөлі» және Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі, ф.ғ.к., доцент О.В. Опряның «Наследие В.И. Даля в свете современной науки» атты баяндамалары тыңдалды.
Конференция «Биография В.И. Даля: традиционные и новые научные факты, лексикография», «Методические и дидактические принципы изучения произведений В.И. Даля», «Художественное творчество В.И. Даля: опыт современного прочтения» және «Филологические и методические аспекты изучения языков» атты секцияларында жалғасын тапты.

Ғылым және коммерцияландыру департаменті

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua