Жастар және ғылым

2013 жылдың 29 сәуірінде  М.Өтемісов атындағы БҚМУ педагогика факультетінің акт залында жыл сайынғы дәстүрмен өткізілетін, студенттер мен жас ғалымдарымызға ғылыми шыңдануына септігін беретін, оларды ғылыммен шұғылдануға шақыратын, және талантты жастарға қолдау беретін студенттер мен магистранттардың ғылыми апталығы Махамбет Өтемісұлының 210 жылдығын тойлау қарсаңында ұйымдастырылды. Ғылыми апталықтың басты мақсаты - студенттер мен магистранттарды ғылымға тарту оқу үрдісі бағдарламасы аясында алған білімдерін ғылыми-зерттеу жұмыстарында пайдалануға үйрету.  Махамбет Өтемісұлының 210 жылдығына арналған «Жастар және ғылым» атты студенттер мен магистранттардың ғылыми апталығы 29 сәуір мен 6 мамыр аралығында  өтеді. Ашылу салтанатында «М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғылыми мектептерінің қалыптасу тарихы» атты фильмді көрсетіліп, ректорат атынан сөз сөйлеген  Ғылым және коммерцияландыру департаменті директоры Имашев Эдуард Жүсіпұлы қатысушыларға  құттықтау жолдап, сәттілік тіледі.Сонымен қатар,  «Тарих» мамандығының 1 курс магистранты С. Сақауова «Махамбет Өтемісұлының жастарға тәрбиелік мәні» тұрысында баяндама оқыса, «География» мамандығының 2 курс студенті Н. Төлеуова «Манғыстау ертегі географиясы» тақырыбында ғылыми баяндама жасады. Апталық аясында Махамбет Өтемісұлының 210 жылдығына арналған «Жастар және ғылым» атты 71-ші студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция, әр факультет қабырғасында студенттер мен магистранттар университетіміздің белгілі ғалымдарымен кездесу, ҰОС ардагері, т.ғ.к., БҚМУ профессоры П.Р. Букаткиннің 90-жылдығына арналған «Актуальные проблемы исследования истории великой отечественной войны» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, «Жас ғалымдар - еліміздің болашағы» атты жоо, колледжі студенттері мен мектеп оқушыларының қатысуымен дөңгелек үстел, «Заңғар» студенттік бизнес-инкубаторының презентациясы және ғылыми апталықтың жабылуы салтанаты өтеді.
Апталық аясында ұйымдастырылатын шараларда студенттер мен сагистранттар тәжірибе және ғылыми зерттеу нәтижелерімен алмасуға мүмкіндік алады.

Ғылым және коммерцияландыру департаменті

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua