Ғылыми байланыс аясында онлайн-семинар өткізілді

19 наурыз күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Физика-математика» факультеті Қалмақ мемлекеттік университетімен бірге «Жоғарғы оқу орнындағы модульді құзыретті оқытуда қолдану» атты ғылыми-әдістемелік онлайн-семинар өткізді.  Онлайн-семинарға ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Ә.Қ.Мұхтар, физика-математика факультетінің деканы А.Б.Медешова, факультеттің оқытушылары М.М.Имангалиев,
М.К.Атушева, А.А.Хамзина, Д.Ж.Тлеккабылова, З.М.Химеденова, А.Р.Савельева., физика-математика кафедрасының меңгерушісі А.А.Кульжумиева және ақпараттық жүйелер мамандығының студенттері,  Қалмақ мемлекеттік университетінің  ғылыми жұмыстар бойынша проректоры В.О.Имеев, «Математика, физика және ақпараттық технологиялар» факультетінің деканы Е.В.Сумьянова., «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі М.В.Горяев., халықаралық байланыстар бөлімінің жетекшісі К.Б.Болаева және кафедра оқытушысы Е.О.Басангова., Е.Н.Джаханаева қатысты.
Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Ә.Қ.Мұхтар екі университеттің арасындағы байланыстар ары қарай жалғаса беруіне және осындай шаралардың өтуін жалғастыруға тілек білдірді.
В.М.Горяев «Қалмақ мемлекеттік университетінде бәсекеге қабілетті түлектерді дайындауда «Фундаментальді информатика және ақпараттық технологиялар» бағытындағы оқу бағдарламасы аясында ақпараттық құзыреттіліктің қалыптасуы» тақырыбында баяндама жасады.  Баяндамада «Фундаментальді информатика және ақпараттық технологиялар» бағытында оқытылатын пәндер бойынша модульдік оқыту туралы айтып өтті.
БҚМУ оқытушысы Ж.С.Иксебаева «М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дағы көптілді білім беру» атты тақырыпта баяндама жасап, Қалмақ мемлекеттік университетіне физика-математика факультетіндегі көптілді білім беруді таныстырып және оны дамыту жолдарын талқылады.
Онлайн-семинарда «Қос диплом – мәселелері және оларды шешу жолдары» мәселесі қарастырылды. А.Б.Медешова 5В011100 «Информатика» мамандығының студенттері төрт жыл БҚМУ-да оқып, бесінші жыл  Қалмақ мемлекеттік университетінде «Фундаментальді информатика және ақпараттық технологиялар» бағытында оқуын жалғастырып екі диплом алатындығын айтып өтті. Осы мәселе бойынша БҚМУ-дағы кредиттик технология мен Қалмақ мемлекеттік университетіндегі дәстүрлі оқыту технологиясы арасында қарама-қайшылықтар болатындығы, сонымен қатар мамандықтар арасында айырмашылықтарды қосымша оқу семестрі арқылы ақылы тапсыруға болатындығын айтты. Өз кезегінде Қалмақ мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыстар бойынша проректоры В.О.Имеев бұл мәселені әлі де тереңірек қарастырып, оқу жұмыс бағдарламаларын қайта қарастыруды, БҚМУ-дағы 1 кредит Қалмақ мемлекеттік университетінде 36 сағат екенін ескеру керектігін және қос диплом жөнінде тағы онлайн-семинар жасап, талқылауды ұсынды. Мұндай онлайн-семинар факультетте бірінші рет ұйымдастырылып отыр және алдағы уақытта мұндай шаралар жалғасын табады деп ойлаймыз.

Динара Жаркинқызы,
«Информатика» кафедрасының оқытушысы

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua