«Инфо-Friends» интеллектуалдық сайысы

4  наурыз күні «Информатика» кафедрасының 1-курс студенттерінің арасында «Инфо-Friends» атты интеллектуалдық сайыс оздырылды.

Интеллектуалдық сайыс заман талабына сай ақпараттық коммуникативтік технологиялармен жабдықталған «Махамбет» ақпараттық технология паркінің 222-ші кабинетінде өткізілді. Сайыстың мақсаты: 1 курс студенттерінің «Информатика», «Программалау», пәндерінен алған теориялық білімдерін шыңдау, олардың шығармашылық ойлауын, интуициясын, танымдық және коммуникативтік қабілеттерін дамыту, құзіретті маман болуға дайындау, ұжым болып жұмыс жасауға және жауапкершілікке тәрбиелеу. Сайыста «Информатика» (пед.), «Информатика» (тех.), «Есептеуіш техника және программалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық жүйелер» мамандықтарынан құралған топтар бақтарын сынады. Әділқазылар алқасы құрамында: инновациялық технология департаментінің директоры- Д.Г.Габдуллаев, БҚМУ тәрбие жұмысы бөлімінің жетекшісі- М.И.Исатаев, информатика кафедрасының оқытушысы-  А.А.Хамзина, информатика мамандығының 4 курс студенті- Б.Оразғалиева, физика мамандығының 3 курс студенті- Р.Хайруллина төрелік етті. Сайыс «Инфо-эрудит», «Инфо-мақал», «Инфо-веер», «Инфо-жест», «Инфо-полиглот» атты 5 бөлімнен құралған болатын. Жалпы интелектуалдық сайыс адамды жылдамдыққа, уақытты үнемдеуге алған білімді қайталауға үйрете отырып, білік пен дағдыны қалыптастыруға тәрбиелейді. Аға оқытушы Мухамбетова Ғайнеш Ғұмарқызының білім нәрімен сусындаған студенттер сайыста өз білімдерін ортаға салды.
Сайыс бөлімдері информатиканың даму тарихы, ғалымдар, ақпараттық коммуникативтік технология, интернет технология бөлімдері бойынша дамытушы тапсырмалардан тұрды. Студенттер заманауи компьютерлік технологияны жеткілікті деңгейде меңгергенін көрсетті. Сайыс соңы қазылар тарапынан әділ бағаланып, қорытындыланып, жеңімпаздар анықталды. Нәтижесінде Информатика» (пед.)- 1-ші орынды, «Информатика» (тех.)- 2-ші орынды, «Есептеуіш техника және программалық қамтамасыз ету»- 3-ші орынды иеленді. Сонымен қатар әрбір команда ойыншылары «Үздік ойыншы» деген марапатқа ие болды.«Физика-математика» факультетінің деканы А.Б.Медешова  құттықтау сөз сөйлеп, студенттерге оқуда сәттілік тіледі. Кеште өр рухты Махамбет бабамыздың ізімен өнер-білімді  жанына серік еткен факультеттің белсенді де, өнерлі студенттері ән шашуын силады, Мұқағалидың өлеңдері оқылды.
Өте жоғары дәрежеде өткізілген «Инфо-Friends» атты интеллектуалдық сайысты ұйымдастырған «Информатика» кафедрасының аға оқытушысы Ғайнеш Ғұмарқызына алғысымыз шексіз. Студенттерге білім майданында таудай талап, талмас қанат тілей отырып, алдағы уақытта осындай сайыстардың қатары көбейе берсін демекпіз!


Зухра Максимқызы, 
«Информатика»  кафедрасының оқытушысы

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua