Ұлт-азаттық қозғалыс және Махамбет Өтемісұлы

29 наурыз 2013 жылы М. Өтемісов атындағы БҚМУ Бас ғимараты акт залында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұлт-азаттық қозғалыс және Махамбет Өтемісұлы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел жұмысында «Ұлт-азаттық қозғалыс және Махамбет Өтемісұлы», Отандық тарихтағы махамбеттану саласының зерттелу мәселелері, Жастарға патриоттық тәрбие берудегі Махамбет тағылымы бойынша мәселелер талқыланды. Дөңгелек үстелге Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының бастығы М.Л. Тоғжанов, облыстық маслихат депутаттары Г.М. Жаңбыршиев, А.Зинуллаұлы және журналисттер, жас ғалымдар мен студенттер қатынасты. Отырыс барысында т.ғ.д. Ұ.Т. Ахметованың «ХІХ ғ. бас кезеңіндегі Кіші жүздегі ұлт-азаттық қозғалыстар және олардың сабақтастығы», ф.ғ.д. Ғ.Қ.Хасановтың «Махамбет толғауларының тілдік ерекшелігі», т.ғ.к. С.М. Ғиззатовтың «Исатай мен Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтеріліс және оның отандық тарихындағы маңызы», т.ғ.к. М.Ғ. Дюсенғалиеваның «Исатай - басшы, мен - қосшы» және магистрант С.Н. Сақауованың «Батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны» атты баяндамалары оқылды.

Ғылым және коммерцияландыру департаменті

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua