Маңғыстау облысы аудандары мен ауыл мектептеріне жүргізілген кәсіби бағдар жұмыстары

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 2012-2013 оқу жылына кәсіби бағдар бойынша жұмыстарының кафедралық жоспарына сәйкес, 2013 жылдың 18-27 қаңтар күндері аралығында «Театрлық-хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасының оқытушылары Г.Е.Жұмағалиева мен А.С.Серікқали Маңғыстау облысы аудандары мен ауыл мектептеріне іссапары ұйымдастырылды.
Іссапардың мақсаты 80-жылдық тарихы бар, еліміздегі байырғы жоғары оқу орындарының бірі - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің мамандықтары туралы кеңінен ақпарат беру және мектеп бітіруші түлектерді университетке оқуға шақыру.
Маңғыстау облысы бойынша жалпы мектеп түлектері педагогикалық, мәдениет және өнер, ақпараттық технологиялар бойынша мамандықтарға көп қызығушылық білдірді.

Облыс орталығынан шалғайда орналасқан Бейнеу ауданынан іссапарымыз басталды. 19 қаңтар күні аудан орталығындағы Мәдениет үйінде №1 Абай, №3 Ы.Алтынсарин атындағы және Атамекен орта мектептерінің, Сыңғырлау ауылдық округінде орналасқан орта мектептің, Ақжігіт ауылында орын тепкен Ақжігіт орта мектебі және Совет одағының батыры Мәди Бегенов атындағы мектептердің 11-сынып оқушыларымен кездесу өткіздік.
Маңғыстау ауданы бойынша Жыңғылды селосында Есір Айшуақұлы атындағы орта мектеп оқушыларымен, жас ұстаздармен және мәдениет саласы қызметкерлерімен кездесу жүргізілді. Бұл мектепті бітірген бірнеше оқушы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың түлектері және бүгінгі күнгі студенттері. Жыңғылды ауылды облыстағы өнерлі жастардың ордасы саналады екен.
Қарақия ауданы Құрық орта мектеп-гимназиясына іссапар кезінде мектеп директоры қарсы алып, мектеп тынысымен, сайтымен таныстырып, қазіргі кезде біздің университетте оқып жатырған өз мектебінің түлектерімен мақтанатынын жеткізді. Мектеп басшысы өз ұжымымен бірге әр жылғы мектеп түлектерінің мамандық таңдауына аса назар бөліп, ата-аналарымен ақылдаса отырып, жоғары оқу орнын таңдауға ықпалдасып отырады.

Мұнайлы ауданы - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі жылдарында жаңадан құрылған. Аудан орталығы Маңғышлақ ауылында 2 мектеп орналасқан. Бұл жердегі тұрғындардың басым көпшілігі өзге елден оралған отандастарымыз бен еліміздің өзге өңірінен қоныс тепкен мамандар. №1 орта мектептің екі 11-сыныбында  40-қа жуық оқушы оқиды. Университетімізді бітірген көптеген жас маман осы ауданның өркендеуіне үлес қосып, әр салада қызмет етуде.
Облыс аудандары мен ауылдарында мектеп оқушыларымен кездесу барысында университет туралы бейнеролик көрсетіліп, «Өркен» газетінің арнайы басылымы, буклеттер, күнтізбеліктер таратылды. Оқыту хаттамасы және түлектерге арналған сауалнама жүргізілді. Оқушылардың сұрақтарына жауап берілді.
Іссапар барысында ата-аналармен де кездесіп, көптеген ақпарат берілді. Мектеп оқушылары мен ата-аналардың талап-тілегі кәсіби бағдар жұмыстары оқу жылының басында жүргізу. Өйткені, бүгінгі күні кейбір ата-аналар шығармашылық емтихандардың ерекшелігін білмей, балаларын Ұлттық біріңғай тестілеуге қатыстырмау туралы өтініш жазып қойған. Сонымен қатар, батыс аймақта орналасқан мемлекеттік жоғары оқу орны туралы да аз ақпараттанған.
Маңғыстау облысына іссапар барысында түйгеніміз, кәсіби бағдар жұмыстарын оқу жылының басында бастау; университет мамандықтары туралы мектеп бітіруші түлектер мен олардың ата-аналарына түсіндіру жұмыстарын бірдей жүргізу қажеттігі.

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua