«Тәуелсіздік – аңсаған арман, қол жеткен мұрат»

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің ғалымдардың ғылыми кітапханасында Биология -01105,Экология - 01108 топ студенттерімен 16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – аңсаған арман, қол жеткен мұрат» атты ашық кураторлық сағаты оздырылды. Бұл кештің мақсаты студенттерге тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, туған жерді, елін сүйетін, ұлтжанды, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу.
Кураторлық сағат ҚР Әнұранымен ашылды.
Тәуелсіздік мағынасы зор, тамыры терең ұғым. Қазақстан тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін көру үшін тарихқа көз жүгірту мақсатында 01108 топ студенті Бекесова Гаухар «Тәуелсіздік шежіресі»   атты слайдпен көркемделген баяндамасын ұсынды. 01105 топ студенті Қыдыралина Айжанның орындауында «Махамбет» толғауы жырланды.
Қазақтың басты құндылығы –Тәуелсіздік. Соған байланысты «Тәуелсіздік нышандары» атты баяндамасын 01105 топ студенті Утяшева Алмара оқыды. «Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы» демекші 01105 топ студенттері Ситешев Айдос және Қыдыралина Айжан «Жырласын жастар, жырласын!» әнін орындады.
Тәуелсіздік-ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты. Кеш барысында 01108 топ студенттері Габдулова Гүлнұр және Байырова Назерке «Қазақ елі» әнін ұсынды.
Кеш соңында Жаратылыстану-географиялық факультетінің деканы Ниязбекова А.Б. Тәуелсіздіктің арқасында аңсаған армандарға қол жеткізгенімізді, биік асуларды бағындыратын жалындаған жастар екенін айта келе, Тәуелсіздік мейрамымен құттықтап, кешті ұйымдастырған топ кураторлары мен студенттеріне өз алғысын  білдірді.

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua