«Жасай бер, Білім ордасы!»

2012 жылдың 15 қарашасында Студенттер күніне орай және университетіміздің мерейтойына байланысты университет көлемінде «Жасай бер, Білім ордасы!» атты ақындар айтысы өткізілді. Он ақыннан бес жұп қатысты. Олар: Жарқынбек Шынтаев (БҚМУ студенті) пен Эльдар Ихсанов (БҚМУ түлегі), Азамат Базарбаев (БҚМУ студенті) пен Айнабек Бисенғалиев (БҚГА студенті), Санат Кәрімов (БҚМУ студенті) пен Мейірман Шакенов (БҚГА студенті), Айдана Сұлтанмахмұд (БҚМУ студенті) және Естеміс Мұқамбетов (ТДК42 телеканалының қызметкері), Талғат Мықи (БҚМУ түлегі) мен Мұрадым Мирланов (БҚМУ түлегі). Ақындар университетіміздің жетістіктері мен кешегі және бүгінгі тарихын жырға қосып, жастық әзілмен тамаша көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар кеш барысында жазба ақындар да өз төл туындыларын ортаға салды. Жадыра Ерманова, Айнұр Ұябасова, Айдана Сұлтанмахмұд, Дәурен Шамұратов, Жанайдар Болатбекұлы, Алтынбек Ермекқалиевтер жүрекжарды өлеңдерін оқыды. Ақындарға ақыл кеңес беріп, бағыт бағдар көрсететін әділқазылар алқасы, кеш қонақтары жерлес ақындарымыз Ақұштап Бақтыгереева, Шолпан Қыдырниязова, Бауыржан Халиолла.

Барлық айтыскерлер мен ақындарға диплом мен университетіміздің естелік сыйлықтары тарту етілді.
Бұл айтысты ұйымдастырған магистрант Ж.Ғ.Мусина, магистр оқытушы Г.Г.Тұрғаналиева және мәдени демалыс бөлімінің жетекшісі М.Қ.Сүлейменов.

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua