«Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы»

Әр қазан айының бірінші жексенбісі ұстаздар мерекесі екені барша қауымға аян. Барлық адамзат атаулысы ұстаз алдында басын иеді. Ұстаздық барлық мамандықтардың ұлысы, себебі белгілі бір кәсіби маман болу үшін ол мамандықты ұстаздан оқып үйренесің.
Филология студенттері де бұл мерекені тыс қалдырмады. 2012 жылдың 4 қазанында «Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы» тақырыбымен 02103-топ студенттері мен сол топтың кураторы магистр-оқытушы Қамар Сағынғалиқызы Алдашева тамаша мерекелік бағдарлама ұйымдастырды. Ұстаздарға гүл шоқтарын сыйлаумен бірге әсем ән шырқалды, би биленді, жүрекжарды өлеңдер оқылды.

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua