«ІV Махамбет оқулары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

2012 жылы қараша айының сегізінші жұлдызында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік универ    ситетінде «ІV Махамбет оқулары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның жұмысы «Махамбет және қазіргі қазақ тілі мен әдебиетінің теориялық, әдістемелік мәселелері», «Қоғамдық, әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар ерекшеліктері», «Жаратылыстану, экономика, өнертану ғылымдарының мәселелері» секциялары бойынша жалғасты.
Онда Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Сайфолла Жұмабайұлы Сапанов, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Сәуле Сергоқызы Дүтбаева, Махамбеттанушы Амангелді Бек-Құрақ, Өлкетанушы Ғабділше Өтебәлі, Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Еркін Шаяхметұлы Нұрымбетов, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының докторы Ғабит Қайыржанұлы Хасанов секілді шақырулы ғалымдарымыз қатысты.


Ғылым және коммерцияландыру департаменті

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua