«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»

Оқу жүйесінде интерактивті әдістерді қолданбай көптілді оқып үйрену мүмкін емес. 31-ші қазанда М. Өтемісов атындағы БҚМУда өткен «Шетел тілдерін интерактивті әдістер арқылы оқыту: қазіргі ахуалы мен келешегі» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияның басты мақсаты мектеп пен ЖОО-да шетел тілдерін интерактивті әдістер арқылы практикалық оқытудың заманауи тәсілдерін пайдалану.
Шараны АҚШ елшілігі ағылшын тілі аймақтық кеңсе бағдарламасының қолдауымен және оның аймақтық директоры Дженнифер Ухлер, АҚШ тан келген оқытушы, магистр Давид Нортон болды. Конференцияның құрметті қонағы Германия профессоры, филология ғылымдарының докторы Карл Кайнер болды. Конференция жұмысына отыз баяндама тыңдалды.
Конференцияның пленарлық мәжілісінде шетелдік әріптестеріміз сөз алып, соның ішінде, Орталық Азияда ағылшын тілі бағдарламасының аймақтық директоры Дженнифер Ухлер, АҚШ-тан келген оқытушы, магистр Давид Нортон. Давид Нортон қазіргі кезде Университетімізде шет тілін оқыту мен аударудың теориясы және практика кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарады.
Конференция жұмысы үш бағытта герман тілі, славян тілі және түркі тілдері секциясы бойынша жалғасты.

Ғылым және коммерцияландыру департаменті

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua