«Жас ғалым 2012» инновациялық жобалар байқауы өтті.

«Технопарк «Алгоритм» ЖШС мәжіліс залында Батыс Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасы мен М.Өтемісов атындағы БҚМУ қолдауымен  «БҚО жас ғалымдар кеңесі» қоғамдық бірлестігі  және «Технопарк «Алгоритм» ЖШС-гі 2012 жылдың  31 қазан күні «Жас ғалым 2012» инновациялық жобалар байқауы өтті. Оған оқушылардың, студенттердің, жас ғалымдардың  арасында 107 жоба тапсырылып және сәйкес сертификаттар алып, соның ішінде 80-і іріктеу кезеңінен өтіп, өз жобаларын конкурс комиссиясының алдында қорғауға мүмкіндік алды. Байқауда қазылар алқасы БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы бастығы Серік Молдағалиев, «БҚО Жастар қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Манарбек Ажкенов, «Технопарк «Алгоритм» ЖШС-гі жетекші менеджері Асқар Сермаков, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ Ғылыми зерттеу институты директоры Қажымұрат Ахмеденов және БҚО бойынша экология департаменті жетекші маманы Эльмира Мадировалар әділ бағаларын берді. Байқау ІТ технологиялар және инженерлік-конструкторлық жобалар, экология және биотехнология жобасы және әлеуметтік маңызды инновациялық жоба бағыттары бойынша өтті. Нәтижесінде 27 жүлделі орындармен және бағалы сыйлықтармен жеңімпаздар марапатталды, сонымен қатар, жүлделі бірінші орын алған жеңімпаздардың жобалары «Технопарк «Алгоритм» ЖШС арқылы, байқау негізінде грантқа ұсынылу мүмкіндігін алды.

Ғылым және коммерцияландыру департаменті

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua