«Шынықсаң - шымыр боларсың» атты спорттық акция

«...адам денесінің жетілуі – оның денсаулығы. Егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда оны сауықтыру керек», - деп ұлы ғұлама Әл – Фараби айтқандай денді сауықтыру, салауатты өмір салтын насихаттау және студент жастарды жағымсыз қылықтардан аулақ болуға шақыру  мақсатында ағымдағы жылдың 19 қазан күні М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 80 жылдық мерейтойына орай оқу ордамыздың магистранттары, студенттері және қоғамдық бірлестіктері арасында дәстүрлі «Шынықсаң, шымыр боларсың» атты эстафеталық жарыс оздырылды.

Жарысқа барлығы 15 команда қатысып, 5 тур бойынша өткізілді.

Қызу да тартысты ойынның нәтижесі бойынша 1 орынды педагогика және психология бөлімі, 2 орынды экономика және басқару факультеті, 3 орынды БҚМУ колледжі иеленді. Жүлделі орындармен қоса үздік қатысушылар да анықталды, олар «Ең жүйрік» номинациясымен педагогика және психология мамандығының 1 курс магистранты Жақсығалиева Альфия, «Ең шымыр» номинациясымен дене шынықтыру және спорт мамандығының 3 курс студенті Бақтығалиев Тимур «Ең мерген» номинациясымен экономика мамандығының 1 курс студенті Турдалиева Динара және Салимова Гүлназ, Рахметов Қамбар, Айболатов Нұрғали үздік деп танылып естелік сыйлықтармен марапатталды. Жарысты өткізу және ұйымдастыру «БҚМУ Студенттер кәсіподағы» және «Жас экономист» жастар қоғамдық бірлестіктері арқылы жүзеге асырылды.

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua