«Қазіргі кездегі Қазақстандағы діни ахуал» тақырыбында кураторлық сағат

Қазан айының 9-шы жұлдызында «Құқықтану» мамандығының 08104 топ кураторы Э.С.Хабиеваның ұйымдастырумен «Қазіргі кездегі Қазақстандағы діни ахуал» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағатқа Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы А.М.Нургалиева арнайы шақырылды.
А.М.Нургалиева студенттерге діннің пайда болуы тарихы және қазіргі кездегі діни ағымдар туралы арнайы баяндамасын оқыды. Дінге ғылыми түсінік беріп, қазіргі кезде дін атын жамылып қызмет етіп жүрген теріс ағымдардың жұмыстарын талдап берді.
Топ студенттері де аталмыш тақырыпта өз ойларын білдіріп, қазіргі таңда жас маманға ең қажеттісі сапалы білім алып, кәсіпқойлылыққа бейімделу екендігін айтты.

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua