Казахская литература

Сыдықов Е.Шәкәрім және Алашорда: Ғылыми жинақ. - Алматы: Раритет, 2008. - 184-6., 8-6. сурет. - «Шәкәрім әлемі» сериясы.

Бұл кітапқа автордың әр жылдары республикалық басылымдарда жарық көрген, сондай-ақ әзір еш жерде жариялана қоймаған Алаш ұлт-азаттық козғалысы тақырыбындағы ғылыми-зерттеу мақалалары енгізілген. Шәкәрім және Алашорда тақырыбы еңбектің негізгі арқауы.

Жинақ жалпы оқырман қауымға, педагог мамандар мен студенттерге арналған.

Еспенбетов А.Шәкәрім және Сұлтанмахмұт: Ғьлыми зерттеу. - Алматы: Раритет, 2008. - 240 б. - «Шәкәрім әлемі» сериясы

Зерттеу қазақтың екі үлкен ақыны Ш.Құдайбердіұлы мен С.Торайғыровтың мұрасына арналып отыр.

Бірінші бөлімде шәкәрімтану ғылымының бүгіні мен болашағы, Шәкәрім мен Сұлтанмахмұт арасындағы рухани байланыс, Шәкәрімнің беймәлім болып келген көсемсөздері зерделеніп және «Шәкәрім» тұлғалық энциклопедиясына арнайы жазылған мақалалары берілген. Екінші бөлімде С.Торайғыровтың өмір жолы, шығармашылығы жан-жақты қарастырылған.

Зерттеу ғылыми қызметкерлерге, аспираттар мен магистранттарға, мектеп мұғалімдері мен студенттерге және әдебиетті сүйер қалың оқырманға арналған.

Елеукенов Ш.Р. Мағжан. Өмірімен шығармагерлігі. Оқу құралы. - Астана: Астана-полиграфия, 2008 - 392 бет

Жанры жағынан филологиялық эссе түрінде жазылған бұл кітап бұрын-сонды айналымға түспеген бай материалды ғылыми тұрғыдан жан-жақты талдау, ақынды тудырған тарихи ортаны, сол кездегі қоғамдық қатынасты терең сипаттау негізінде Мағжан Жұмабаевтың жарқын бейнесін зор шабытпен өрнектейді. КІТАП әдебиет зерттеушілеріне, жоғары оқу орны студенттеріне, жалпы әдебиет сүйер әлеумет үшін пайдалы құрал бола алады.

Тайшыбай З. Мағжанның Қызылжары: Зерттеу.- Астана: Астана полиграфия - 2008. - 232 бет.

Кітапта ақын Мағжанның, қайраткер Мағжанның өмірі мен қызметінің елеулі кезендері XX ғасырдың басындағы қазақ халқының тағдырымен ажырамас тұтастықта танылады. ¥лы ақынның қиын тағдырын жете білуге ден қойған оқырман бұл еңбектен біраз құнды мағлұмат алады.

Кітап ел тарихын зерттеушілерге, өлкетанушыларға, мектеп оқушылары мен жоғары және арнайы орта оқу орындарының студенттеріне, қалың қауымға арналған.

Мырза Әли Қ. Егізжолдар: Нақылнама. - Алматы: Жазушы, 2008.-320 бет.

Көрнекті ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, Республика Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қадыр Мырза Әлидің жаңа жинағы оқырман ойына даналық дәндерін егетін, ғұмыр-өмір турасында ғибраты мол, толғауы толымды, тобықтай түйіні қонымды толғаныстарын топтастырады.

Сондықтан аталған егізжолдар ел жадында жатталып, көңілде хатталып, қанатты сөзге айналып кетері күмәнсіз.

Кеңшілікұлы А. Казақты сүю. — Алматы: Өнер, 2008. — 232

Әдебиет сыншысы Амангелді Кеңшілікұлы Мырзабектің "Қазақты сүю" атты кітабына бұрын баспасөз беттерінде жарияланған, кешелі-бүгінгі әдебиет жайында жазылған көптеген әдеби зерттеу мақалалары мен эсселері енгізіліп отыр. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

Қыраубаева А. Ежелгі әдебиет. 5 томдық шығармалар жинағы. 2-том/ Г.Асқарова, Н.Мәтбек. Алматы: Өнер, 2008. — 216 бет.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Алма Мүтәліпқызы Қыраубаеваның бұл кітабына жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарына және мектеп, лицей-гимназия шәкірттеріне арналған оқу кұралдарының нұсқалары қатар енгізілді.

Бұл еңбектерде қазақ әдебиетінің түп-тамыры — біздің заманымыздан бұрынғы сақ, ғұн, үйсін дәуірлерінен бастап, Алтын Орда ескерткіштеріне дейін талданып көрсетіледі.

Коран и Пушкин / Исследования. - Астана: Елорда, 2006. - 288 с.

В этой книге автор анализирует роль и значение творчества А.С.Пушкина, в особенности его романа в стихах "Евгений Онегин", в казахских литературных и фольклорных традициях. Ярко показаны этапы формирования, становления и развития казахского поэтического перевода в конце девятнадцатого, а также в двадцатом веке. Особый интерес вызывают необычное исследование о тюркизмах в произведениях А .С.Пушкина - "Вер бана ат", а также статья "Коран и Пушкин". Книга посвящена Году Пушкина в Казахстане.

Қайырбеков Ғ. Алыс та жақын жағалау. (Екінші кітап) — Алматы: Білім, 2006. - 192 бет.

Халық жазушысы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ғафу Қайырбековтың бұл кітабына ірі ақын-жазушылар мен өз замандастары туралы бұрын жарияланбаған ой-толғамдары, олардың шығармаларына жазған пікірлері топтастырылған.

Мырзахметұлы Қ. Сырда туып, Сырда өстім: Очерктер мен эсселер. - Астана. "Астана полиграфия", 2008. - 288 бет.

Белгілі журналист, сатирик-жазушы Қайырбек Мырзахметұлы бұл кітабында өзінің тегі жайлы, Сыр бойынан шыққан белгілі ақын Ә.Тәжібаев, халық жазушысы Қ.Мұхамеджанов, тағы басқа тұлғалар жай-лы сыр толғайды. Сыр өңірінің бүгінгі келбеті, ғасыр қаласы Астананың көркейе түскен ғажайып бейнесі қаламына арқау болады.

Медетбеков Т. Толғауы тоқсан дүние. Публицистикалық ой-толғаулар, эсселер - Астана: Астана-полиграфия, 2008 - 192 бет.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі қаламгер Темірхан Медетбековтың бұл жинағына заман және адам, әдебиет пен өмір туралы ой-толғаныстары мен эсселері топтастырылған. Бұл туындылар ел-жұрт, адам-қоғам өміріндегі өзгеше мінез, қарым-қатынастарды ешбір боямасыз, қаз-қалпында әрі көркеми шыншылдықпен суреттейді.

Міркемелұлы С. Қанаты қырқылған қырандар:Әдеби естеліктер. — Алматы: Білім, 2008. — 336 бет.

Кітапта әдебиетіміз бен мәдениетіміздің біртуар тұлғалары туралы автордың ой-толғаныстарынан туған мақалалары топтастырылды.

Кеңес өкіметі саясатының азабын шеккен шерменделер туралы да әңгіме болмақ.

Көпен Ә. Көкемнің көзі: Естелік, эссе, сыр-сұхбат. — Алматы: Білім, 2008. - 352 бет.

Президент грантының иегері, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, сықақшы Көпен Әмір-Бектің бұл кітабы үш бөлімнен тұрады. Алғашқысында автордың бүгінде арамызда жоқ айтулы тұлғалар туралы эссе, естеліктері, екіншісіне қазіргі аузы дуалы азаматтармен сыр бөліскен сұхбаттары топтастырылып отыр. Ал, соңғы бөлімде автордың замандастары туралы ой-толғаулары, сондай-ақ журналиситердің өзімен жүргізген сұхбаттары берілген. Кітап жалпы оқырман қауымға арналған.

Толағай тұлға тарлан ед...: Ақын Әбділда Тәжібаөв туралы естеліктер/Құраст. Мырзахметова Г, - Алматы: Білім, 2008. - 296 бет, суретті.

Кітапқа аса көрнекті ақын Ә.Тәжібаев туралы замандастарының естеліктері, тау тұлғалы таланттың шығармашылық жолы мен жеке өмірі жайындағы алдыңғы толқын ағалар мен кейінгі толқын інілерінің ой-толғаныстары жинақталып берілді. Кітап ақынның туғанына бір ғасыр толу қарсаңында шығып отыр.

Жақсы адам өлмес болсайшы...: Ақын Қабдыкәрім Ыдырысов туралы естеліктер/Құраст. Ыдырысов Н. — Алматы: Білім, 2008. — 224 бет, суретті.

Кітапта көрнекті ақын Қабдыкәрім Ыдырысов туралы жазылған естеліктер, мақалалар және арнау өлеңдер енгізілді. Ал соңғы "Қайта қауышқан жырлар" бөлімінде ақынның кезінде балалар жаттап өскен тілге жатық, жүрекке жақын жырларының бір тобын қайталап ұсынып отырмыз.

Тұлпар тақылеттес тұлға: Жазушы Тәкен Әлімқұлов туралы естеліктер /Құраст. А.Нысаналин. - Алматы: Білім, 2008. - 312 бет, суретті.

Бұл - қазақтың үлкен сырлы суреткері Тәкен (Тәңірберген) Әлімқұлов туралы тұңғыш естеліктер кітабы. Онда жазушының замандастары, ағалары мен інілері тұлға хақында толғана лебіз білдіріп, ой бөліседі.

Байменше С.Сәт сағат. Әдеби-тарихи, ғылыми-публицистикалық эсселер. — Алматы: Таймас, 2008. — 240 бет.

Белгілі зерттеуші-ғалым, танымал қаламгер, филология ғылымдарының докторы Серікқали Байменшенің бұл кітабына тарихи-танымдық зерттеулерімен қатар, кәсіби журналист-публицист ретіндегі маңызды ғылыми-көпшілік мақсаттағы жарияланымдары да жинақталған.

Көпшілік қырман қауымға арналған осы еңбекті жоғары және арнаулы орта оқу орындарынын студенттері мен мектеп оқушылары оқу құралы ретінде пайдалана алады, сондай-ақ ізденушілер мен салалық зерттеушілердің де қажетіне жарайтын дүние болады деп ойлаймыз.

Серікқалиұлы 3. Сын кітабы: Таңдамалы әдеби мақалалар, зерт-теулер. — Алматы: Раритет, 2008. — 504-6. — «Алтын қор» кітапханасы.

Аса көрнекті қазақ әдеби сыншысы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының және халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, «Раритет» баспа компаниясының бұрынғы бас редакторы Зейнолла Серікқалиұлының (1938—2004 жж.) туғанына 70 жыл толуына орай шығарылып отырған бұл кітапта әдеби сын саласында ұзақ жылдар бойы ерен еңбек еткен қайратты қаламгердің таңдамалы мақалалары мен зерттеулері жинақталған.

Жинақ қалын оқырман қауымға арналған.

Абдрахманов С.Жиырмасыншы ғасыр жырлайды: Қазақ поэзиясының антологиясы. Т. 1. — Алматы: Раритет, 2007. — 504 бет. — «Алтын қор» кітапханасы.

Бас басылым басшысы, танымал әдебиеттанушы Сауытбек Абдрахманов бес жыл бойы құрастырып, шымыр да жұмыр алғысөздер жазып, ай сайынғы «етжеңді» нөмірде жариялап келген. Қазақ жырының жүз жыл ішіндегі ең бір үздік үлгілерін ерекше талғаммен, тиянақтылықпен топтастырған бұл кітап шын мәнінде ұлт руханиятының аса бағалы байлықтарының қатарына қосылады.

Алпысбаев Қ. Қазақ әдебиетіндегі тарихи шығарма: таным және көркемдік. -Алматы: Таймас, 2008. - 232 бет.

Ғалым, ұстаз, филология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Алпысбаевтың бұл монографиясында қазақ әдебиетіндегі тарихи тақырыптың игерілуі, өмірлік шындықты көркемдік шындыкқа айналдырудағы түрлі әдіс-тәсілдер, оны жүзеге асырудағы қаламгердің шеберлік қырлары сыралынады.

Аспиранттарға, магистранттарға, студенттерге, сондай-ақ жалпы әдебиетке қызығушы оқырмандарға арналады.

Әскербекқызы Ж. Көркемдік өріс: Есенғали Раушанов поэзиясы негізінде. Ғылыми зерттеу. - Алматы: Таймас,2008. - 296 бет.

Бұл еңбекте казіргі қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінін бірі — Есенғали Раушанов (Реушентегі) шығармашылығы ғылыми-теориялық, сыни-сараптамалық тұрғыда талданған. Кітап әдебиеттанушыларға, поэзия оқырмандарына, көпшілік окырманға арналған.

Тұрысбек Р.С. Ақиқат айнасы: Мақалалар мен зерттеулер. - Алматы: Таймас, 2008. - 224 бет.

Кітапқа енген мақалалар мен зерттеулерден ұлттық сөз өнерінің бел-белестері, танымал тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы, жекелеген туындылардың табиғаты мен тарихы, жазылуы мен жариялануы, тағылымды тұстары кеңінен көрінеді.

Кітап әдеби-ғылыми һәм калың көпшілікке арналған.

Әдеби жәдігерлер. Жиырма томдық. 6-т. Қожа Ахмет Иасауи. Даналық кітабы. Ахмет Йүгнеки. Ақиқат сыйы /Қүраст.: А.Әлібекұлы, С.Дәуітұлы, Б.Сағындықұлы. - Алматы: Таймас, 2008. - 488 бет. - (Әдеби жәдігерлер).

Әдеби жәдігерлер сериясының 6-томын орта ғасырлардағы аса көрнекті түркі ақындары Ахмет Иасауидің «Диуани хикмет» («Даналық кітабы») кітабы мен Ахмет Йүгнекидің «һибат-ул хақайиқ» («Ақиқат сыйы») поэмасы құрап отыр.

Бүкіл түркі халықтарына ортақ бұл әдеби ескерткіштерде имандылық, адамгершілік мәселелері кеңінен сөз болады.

Шәкәрімтану мәселелері: Сериялық ғылыми жинақ. 6-т. — Алматы: Раритет, 2008. — 352-6.

Шәкәрімтану мәселелері сериялық ғылыми жинағынын алтыншы кітабына Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығын қарастырған еңбектер енгізілген. Жинақтың Ш.Елеукеновтін «Бес арыс қалай ақталды?» мемуар-эссе бөлімінде Шәкәрім шығармашылығын ақтау жөніндегі, Шәкәрімнің қайта оралуы туралы нақты деректер берілсе, ғылыми сұхбат бөлімінде Тұрдықүл Шаңбайдың «Әр басшының алдында «Ар ілімі» жатса» атты мақаласы көрініс тапқан. Еңбек зерттеуші мамандарға және аспирант, магистрант, студентгерге арналған.

Елшібек Ж. Уақыт — сынап: Деректі әңгімелер, әдеби портреттер мен эсселер. — Алматы:Қайнар, 2008. — 256 бет.

Белгілі қаламгер Жанат Елшібектің оқырмандар назарына ұсынып отырған жаңа жинағы екі белімнен тұрады. Оның ал-ғашқысында Тәуелсіздік жылдары әкелген ғажайып өзгерістер мен ізгілікті нышандар, еңсе көтерген егеменді еліміздің тіршілік-тынысы жөніндегі жазбалары топтастырылған. Атақты акын-жазушылардың, өнер қайраткерлерінің шығармашылық әлемі хақында сыр шертетін деректі әңгімелері, әдеби портреттері мен эсселері енгізілген келесі бөлім де көңіл аудартады. Кітап көпшілік оқырманға арналады.

Мәмет С.Абай бол, қазақ: Сыр-сұхбат және публицистикалық ой-толғамдар. — Алматы: Қайнар, 2008. — 232 бет.

Жаратқан Ием жар болып, қазақ жұрты аңсаған тәуелсіздігін алды. Өзгеге бодан болған, үш ғасырға таяу уақыттағы кеткен есесі кайтты.Осы жылдар ішіндегі мерейді өсіріп, абыройды арттырған әдемі өзгерістерге де, көлденең келген, әй, кәпірлерге де бәріміз куәміз. Соны журналистер кауымы тамыршыдай тап басып жазып жатты.

Құрметті окырман! Қолдарыңыздағы кітап сондай ұшқыр ойдан, карымды қаламнан туған дүние.

Жинаққа қаламгердің соңғы жылдары жазғандары — "Абай бол, қазақ, абай бол!", "Мұратыңа жеткізеді тура жол", "Бір ауыз сөзімнің де астары мол" деген үш бөлімге топтастырып, беріліп отыр.

Қалиулы С.Қайсысы күшті?: Өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар, жаңылт-паштар, санамақтар. - Алматы: Раритет, 2008.– 256 б.

Шығармашылығы жас өркеннің жүрегіне жылы ұялайтын көрнекті балалар ақындарының бірі - Сұлтан Қалиұлы. Оның бұл кітабына ең таңдаулы өлеңдері, санамақтары, жұмбақтары мен жаңылтпаштары, ертегілері мен дастандары еніп отыр.

Ақын кішкентай кейіпкерлерінің мінез-құлқын, өсу жолдарын үнемі қадағалай отырып, оқырмандарын ізгілікке тәрбиелейді, бүлдіршіндерге өзін ұлағатты ұстаз ретінде көрсетеді.

Досанов С. Қыран мен жылан.-Алматы: Қазақстан, 2008. — 464 б.

Шолохов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, Рессей әдебиет академиясының академигі Сәбит Аймұханұлы Досановтың жаңа кітабында көркемсөз бен көсемсөз арудың қос бұрымындай қатар өрілген шығармалардың алтын арқауы адам мен табиғат тағдыры. Кемел ой, кестелі тілмен көмкерілген шұрайлы шығармаларда көркем-сөздің көрнекті шеберінің жаңа қырлары жарқырап ашылған.

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua