Казахская литература

Көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз, филология ғылымының докторы, профессор Ханғали Сүйіншәлиев казақ әдебиеті тарихын көп жылдар бойы індете зерттеп, тапжылмай ізденіп келеді. Ол елуден астам кітап шығарып, төрт жүзге тарта ғылыми мақала жариялады.

Бұл жолда әкімшіл-әміршіл жүйенің зардабын да тартты, кезінде кереғар пікірлерге қарсы күресе жүріп, казақ әдебиеттану ғылымымының керегесін кеңейтті, әдебиет тарихын жаңа биік сатыға көтерді. Қазак әдебиетінің VIII ғасырдан XX ғасырға дейінгі тарихын жазып, ғылымға жаңа жол салды, сөйтіп әдебиетіміздің ежелгі дәуірін жеке пән ретіңде негіздеді.

Бұл кітапта туған әдебиетіміздің осы он екі ғасырлық тарихы қазіргі заман талабына сәйкес жан-жакты баяндалған.

"Сөз өнерінде" әдебиет теориясының, шығармашылық психологиясының жөне жазушы шеберлігінің өзекті мөселелері өзара сабақтастырыла тарихи тұрғыдан жан-жақгы байыпталып, бай әрі бағалы деректер негізінде нұсқалы, нөзік һөм терең талданады.

Алғашқы нұсқасы "Мектеп" баспасынан 1970 жылы, өңделіп, толықтырьлған нұсқасы "Санат" баспасынан 1991 жьшы жөне 2002 жылы жарық керген бұл монография келе-келе студенттер мен аспиранттардың колынан түспейтін кұнды оқулыкқа айналып кетті.

Оқулық-монография бұл жолы қалың окырманның сұранысына орай жаңадан басылып шығып отыр.

Бұған дейін "Гиперборея: түс көрген заман шежіресі", "Казақ мифологиясына кіріспе", "К,азаң даласы және герман тәңірлері" деп аталатын іргелі еңбектерімен жұртшылық назарын аударған Серікбол Қондыбайдың "Арғықазақ мифологиясы" атты бұл жаңа еңбегі төрт кітаптан тұрады. "Мифология, миф — ойдан шығарылған ңиял емес, — деп жазады автор, — ол өткен заманның адамының шындығын бойына сақтап қалған ата-баба сарқыты. Ол өткенді саналы түрде бұрмалаудың, жалғандықтың ескерткіші емес, бірнеше мәрте бүктетіліп, оралып, аңиңаты мен ңатесі ңатар өрілген, еріксіз шатасудың тозаңының арасында байқалмай ңалған аңиңаттың өрім қамшысы".

Автор осы мифологияны "қазіргімізді, өздеріміздің кім екенімізді (яғни, мұсылмандығымызды) естен шығармай, өткен заманның ұмыт болған қабаттарының бетін аршып алуға, естен шыққан Рухты, Киені, Ділді, Танымды еске түсіруге мүмкіндік беретін әдіс" деп біліп, ілгерідегі ақиңатқа жаңындай түсуге талпыныс жасайды.

"Арғықазақ мифологиясын ең алдымен орташа қазақ оңырманына таныстыруды" мақсат еткен автордың бұл еңбегі мәдениеттану, этнография., фольклортану жалпы әдебиет, тілтану мәселелерімен шүғылданып жүрген зерттеуішлердің де, қалың жұртшылықтың да кәдесіне асары анық.

В учебном пособии рассматриваются вопросы теоретического и историко-литературиого плана, раскрывающие осповные принципы и методы анализа литературного произведения.

Предназначается для преподавателей вузов, студентов и аспирантов филологических специальностей, учителей-словесников, учащихся старших классов школ гуманитарного профиля.

Ерте заманнан келе жатқан халқымыздың қасиетті дәстүрінің бірі - ақ тілек тілеп, бата беру. Ақ тілек тілеу, бата беру халқымыздың ежелден айтылатын, әр адамның көңіл сарапындағы мейір шапағаты, жылы пейіл-ықыласы, шын жүрегінен шыққан лебізі, екінші бір пенденің дәтіне қуат, рухына мизат ететін ақ тілегі. Адам баласына жақсылық тілеу, тілеп қана қоймай, өзің жақсылық жасау - "болмасын деген оңбасын" деп кесіп айтқан ата-бабаларымыздың өсиетнамасы, адамгершілік аманаты, жанашырлық - біздің ұлттық мінезіміз. "Жақсы сөз - жарым ырыс" дегендей, оның себеп-сылтауы да көп: дастархан қайырса да, баласы атқа қонса да, келін түсіріп, қыз берсе де, алыс сапарға шықса да, адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде, қуаныш иесіне, той иесіне т.б. жақсылықтарды ата-бабаларымыздың қол жайып, ақ тілек, ақ бата беру біздің дәстүріміз.

Осы шағын кітапта өнегелі дәстүрді оқырман алдына ұсына отырып, осы бір тәрбиелік мәні жоғары халқымыздың асыл қазынасын жаңғырту мақсатында ұсынып отырмыз. Кітапша халық көңілінен шығар деген сенімдеміз.

Бабалар сөзі: Жүз томдық. —Астана: Фолиант, 2006.- Т. 37: Батырлар жыры.- 2006. — 544 бет.

«Бабалар сөзі» сериясының 37-томына «Қобыланды батыр» эпосының Айса Байтабынұлы, Нұрсейіт Битілеуов, Ережеп Тілеумағамбетұлы, Сәдуақас Ділманов жырлаған нұсқалары енді.

Бабалар сөзі: Жүз томдық. —Астана: Фолиант, 2006. Т. 38: Батырлар жыры. — 2006. — 336 бет.

«Бабалар сөзі» сериясының 38-томына «Қобыланды батыр» жырының Мергенбай жырау жырлаған үш нұсқасы енгізілді («Қобыланды батыр», «Қобыланды батырдың баласы Киікбай», «Қобыландының Темірланды жеңуі»).

Бабалар сөзі: Жүз томдық. —Астана: Фолиант, 2006.- Т. 39: Батырлар жыры.- 2006. — 448 бет.

«Бабалар сөзі» сериясының 39-томына «Едіге жыры», «Мырза Едіге батыр», «Ер Едіге», «Едіге — Нұран», «Едіге батыр әңгімесі», «Едіге», «Мөулімнияз —Едіге», «Едіге батыр эпосы» атты батырлар жыры енді.

Бабалар сөзі: Жүз томдық. —Астана: Фолиант, 2006.- Т. 40: Батырлар жыры.-2006. — 488 бет.

«Бабалар сөзі» сериясының 40-томына «Орақ - Мамай» эпосының таңдаулы төрт нұсқасы енді. Жырдың сюжеті ХVІ-ХVП ғасырлардағы ноғайлы-қазақ кезеңінің оқиғаларын баяндайтын тарихи аңыздардан құрылған.

Шәкәрімтану мәселелері: Сериялық ғылыми жинақ..- 1-т. — Алматы: Раритет, 2007. — 448 бет.

«Шәкөрімтану мәселелері» сериялык ғылыми жинағының бірінші кітабына Шәкәрімнін өмірі мен шығармашылығын карастырған еңбектер енгізілген.

Жинактың мақалалар бөлімінде Мүхтар Мағауиннің «Ақын, тарихшы, философ», Қайым Мұхаметханүлынын «Шаһкәрім» және Рымғали Нұрғалидын «Еңлік-Кебек трагедиясы» енбектері берілді. Естелік бөлімінде Ахат Шокәрімұлының «Менің әкем, халық ұлы — Шәкәрім» естелігі берілген. Шәкәрімтану тарихынан болімінде Әлихан Бөкейхановтың «Қалқаман — Мамыр», «Түрік, қырғыз, казақ һәм хандар шежіресі», Жусіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезовтің «Абайдан соңғы ақындар» және Мұхтар Әуезовтін «Абай ақындығының айналасы» мақалалары берілді. Сондай-ақ, қазіргі таңда дайындалып жаткан тұлғалык «Шәкәрім» энциклопедиясының сөзтізбесі де осы кітапқа енгізілген.

Еңбек зерттеуші мамандарға және Шөкәрімтану мәселелеріне қызығушы зиялы қауымға арналған.

Вопросы шакаримоведения:Собрание научных трудов. 5-й т. — Алматы: Раритет, 2007. — 480 с.

Перед вами — пятая книга собрания научных трудов «Вопросы шакаримоведения». Первые четьфе тома вышли на казахском языке. Круг проблем, исследуемых в этих книгах, весьма обширен: биография и библиография, мировоззрение и философия, ислам и суфизм, поэтика и стиль, вопросы философии искусства и взаимодействие культур — все это рассматривается в контексте творчества Шакарима. Пятая книга научной серии «Вопросы шакаримоведения», развивая и обобщая результаты исследований, особо ориентирована на освещение состояния изученности проблем, а также задач дальнейшего исследования проблем шакаримоведения. Не секрет, что долгие годы творчество Шакарима было в забвении, поэтому его изучение не только актуально, но жизненно важно для понимания самосознания национальной культуры и искусства.

Книга рассчитана на филологов, философов, культурологов и искусствоведов, аспирантов и преподавателей вузов, а также на широкий круг читателей, интересующихся творчеством Шакарима.

Әдеби жәдігерлер. Жиырма томдык.2-т.: Махмұт Қашқари. Түрік сөздігі /Көне түркі тілінен аударып, алғы сөзі мен түсініктерін жазған А.Қ.Егеубай. — Алматы: Таймас , 2007. — 592 бет.

Түрік тілдерінін жинағы (Түрік сөздігі)» — түрік дүниесінін әлемдік ғылым қазынасына қосқан ұлы мұрасы. Үш томдық бұл зерттеу еңбегі күллі түрік тілдерінің тұңғыш әрі аса терең мағыналы ғылыми сипаттамасы. Сахараның ұлы ғалымы, біртуар ойшылы, тіл зергері Махмұт Қашқари «Түрік тілдерінің жинағын» барлық түрік текті ұлыс, тайпаларды аралап жинап, зерттеп, талдап барып жазған. Күллі түрік елдерінің әдебиеті мен тілін салыстырмалы түрде зерделеп түзіп шыкқан алғашкы энциклопедиялык кітап. Түрік тілінің түңғыш та, әсте кайталанбайтын бірегей оқулығы.

XI ғасырдың бұл энциклопедиялык терең мазмұнды зерттеуі қазіргі түрік тектес ұлттардың ежелгі мәдениетінде қайта жаңғыру үрдісі жаңа бағыт алған түста аса қажетті де пайдалы енбек. Ана тіліміздің, туған әдебиетіміз бен мәдениетіміздін түп негіздері, төл заңдылықтары осы білікті зерттеу беттерінде жан-жактыкөрініс тапқан.

Қазақ ұлысының жаңа ғылымы да, таным дүниесі де, елдік қағидалары да осындай аталы дәстүрімізден қуат алып, нәр жинауы тиіс.

Сөз мәйегі/Бас ред. Б.Аяған. - Алматы:Қазақ энциклопедиясының" Бас редакциясы, 2007. — 552 бет.

Бұл кітапта қазақ халқының әр түрлі тақырыптардағы мақал-мәтелдері неғұрлым толық жинақталған. Халқымыздың аса бай асыл қазынасы энциклопедиялық жүйеге түсіріліп, барлық бөлімдер мен тараулар, тақырыптық топтамалар әліпби ретімен берілген. Кітап жас-өспірімдерге, студенттерге жөне жалпы оқырман қауымға арналған.

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua