Қаратөбе ауданы әкімдігі өкілдерінің университет түлектерімен кездесуі

IMG 5707 miniТүлектерді жұмысқа орналастыру бағытында университетте Қаратөбе ауданы әкімдігі өкілдерінің бітіруші курс студенттерімен кездесуі ұйымдастырылып өткізілді. Кездесуге Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары Сұлтан Жасұлан Кәрелұлы, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ғарапшиев Берікжан Ғарапшаұлы және барлық факультеттер бойынша бітіруші түлектер қатысты. Кездесуді университеттің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры Әсет Сембайұлы Тасмағамбетов сөз сөйлеп ашты. Сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Кәрелұлы Қаратөбе ауданының қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму барысы, тыныс-тіршілігі, жас мамандарға деген қажеттіліктер, оларға көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары мен жүзеге асырылып жатқан «Дипломмен ауылға», т.б. мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңінен тоқталып өтті. Кездесуде сөз алған аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшаұлы ауданға қажетті педагогикалық кадрларға, олардың нақты оқу жүктемелеріне, баспанамен қамту мәселелеріне, еңбек жалақыларына, білім беру ісіндегі ауданның жеткен жетістіктеріне тоқтала келе, түлектерді ауданға жұмысқа орналасуға шақырды. Кездесуге қатысқан физика-математика факультетінің деканы Айгүл Бақтығалиқызы Медешова ауданда қолға алынып жатқан шараларға жоғары баға бере отырып, жас түлектерді туған жеріне барып қызмет етуге шақырды. Кездесу барысында студенттер сұрақтар қойып, оларға жауаптар алды.  

 

IMG 5713 mini

IMG 5721 mini

IMG 5724 mini

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua