Назарбаев Университеті өкілдерімен кездесу

IMG 6586 mini

 2018 жылдың 7 қараша күні Назарбаев Университетінің өкілдері М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттерімен, магистранттарымен, жас оқытушыларымен кездесті. Кездесуге Назарбаев Университеті, қабылдау департаментінің бас менеджері А.А.Жазыкпаева, кабылдау департаментінің маманы А.Е.Сабырбекова және Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің зертхана ассистенті М.Қоянбаев қатысты. Кездесу барысында Назарбаев Университетінің өкілдері аталған оқу орны, ондағы дайындық топтары (Foundation), бакалавриат, магистратура, докторантура мамандықтары, оларға түсу жолдары мен талаптары, қажетті құжаттар тізімдемесі туралы жан-жақты әрі толық мағлұмат беріп өтті. Назарбаев Университеті туралы арнайы түсірілген бейнеролик көрсетілді. Студенттер мен магистранттар, жас оқытушылар қонақтарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оларға толық әрі нақты жауап алды. Кездесу диалог, өзара пікірталас түрінде өтті.

 

IMG 6578 mini

IMG 6605 mini

IMG 6595 mini

IMG 6590 mini

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua