Қызылордалық серпіндіктермен кездесу

Ақпанның 27-сі күні М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да "Серпін-2050" бағдарламасы бойынша Қызылорда облысынан келіп білім алып жатқан студенттердің басын облыс басшылығынан келген: Жаниет Арман "облыстық жастар ресурстық орталығының директоры", Ізбасаров Әлібек "Арал аудандық жастар ресурстық коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры", Аxметов Олжас "Қазалы аудандық жастар ресурстық орталығының коммуналдық мекемесінің директоры" қосқан болатын.

Жиын әдеттегідей серпін бағдарламасының координаторы Жанерке Тапаеваның қатысуымен өтті. Бұл еркін форматтағы жүздесу болғандықтан студенттер өз ойларын ашық жеткізді. Жиынға негіз болған мәселе білім алып жатқан студенттер мен бітіруші түлектердің болашағы жайлы болды. Ел ағаларына көкейде жүрген сұрақтарын айта кетерлік: болашақтағы жұмыс мәселесі, міндеттілігі, қосымша жәрдемдердің болуы сынды сұрақтар қойылып, көңілге қонымды жауаптарын алды .Кездесу соңында студенттер жылы лебіздері мен тілектерін білдіріп, естелік ретінде суретке түсіп өз ризашылықтарын білдірді. Осындай" балам деп еміренер ел ағалары барда, елім деп еміренер жастардың көп болары xақ!

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla