Студенттерге серпіліс берген тренинг

Ақпан айының 26-27-28 күндері аралығында М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың төрт факультетінде, атап айтқанда, "тарих, құқық жəне экономика", "педагогика", "физика-математика", "мəдениет жəне өнер" факультеттерінде үлкен көлемді іс-шаралар өтті. Ол - одан алдыңғы апталарда басталған, биылдан бастап дəстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін студенттерге арналған психологиялық тренинг. Университетіміздің белді педагог-психологтардан құралған топ үш күн қатарынан студенттерге жоғары көңіл-күй сыйлай білді.

Тренингте түрлі бағыттарғы ойындар ойнатылып, ойландыратын тапсырмалар орындатылды. Оған қоса, топтық сайыстар да ұйымдастырылды. Бұл тренинг факультет ішіндегі студенттердің бірін-бірі танып-білуіне, аралас-құралас болуына септігін тигізді. Тренингтің басты мақсаты топпен бірлікте жұмыс жасауға шақыру жəне топ ішінде көшбасшылық қабілетті қалыптастыру-дамыту еді. Сол мақсат жүзеге асты да. Аталмыш тренингтің үш күні бір-біріне мүлдем ұқсамады. Студенттер келесі күні қандай тосынсыйлар болатынын асыға күтті. Сөзіме дəлел ретінде "мәдениет және өнер" факультетінің тренингке қатысушыларын айта аламын. Тренингтің бірінші күні небəрі 24 студент, екінші күні 51, ал үшінші күні 80-нен астам студент келді. Тренингтің қызық өтуіне студенттердің де үлесі мол болды - олар күн сайын ойындарға белсене қатысып отырды. Тренинг аяқталарда студенттер тренерлермен қимай қоштасты. Келесі жылғы тренингтерді асыға күтіп, міндетті түрде қатысатындарын білдірісті. Ендеше, студенттерге серпіліс сыйлаған ұстаздарға шын жүректен алғыс айтамыз!

Мақала автор: Күнсұлу Абатбаева

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS