Cеминар-тренингтер

Ақпанның 24-і күні М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да "Мəңгілік ел жастары индустрияға!"-"Серпін-2050" бағдарламасының студенттерінің кезекті апталық жиналысы өтті. Жиналыс "Алғыс айту" мерекесіне орай "Жүректен жүрекке" атты тренинг түрінде өткізілді. Өткен аптада бастау алған студенттер тренингі осы аптада жалғасын тапты. Тренингті Омарова Назерке, Басбаева Жансая, Бушпай Ұлжан жүргізді. Тренинг барысында "Жасырын сөз", "Жұмбақ алмалар", "Сұрақ-жауап", "Мақалды тап", "Бірлік құбыры" секілді сайыс түріндегі ойындар өткізілді.

Ойынға барлық студенттер белсенді түрде араласып отырды. Бұл тренинг бірінші курстар арасындағы достық қарым-қатынасты одан əрі нығайтуға септігін тигізді. Қорытынды бөлімде қатысушылар бір-біріне алғыстарын айтып, ізгі тілектер тілесті. "Құпия достары" жарияланып, сый-сыяпатқа ие болған достар көтеріңкі көңіл-күйде тарасты.

Мақала авторы: Күнсұлу Абатбаева

Ағымдағы жылдың ақпан айының 21-23 күндері аралығында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті филология факультетінің студенттеріне арналған семинар-тренинг болып өтті. Ол үш күн бойы жалғасын тапты. Тренингті Маденова Лаззат Мутиголлиевна, Ищанова Гульдария Дастановна, Панищева Ольга Александровна, Оқас Мадина Талғатқызы, Мурат Жансулу Казбеккызы сынды тренерлер жүргізген болатын. Тренингтің алғашқы күні танысуға, сонымен қоса арадағы қарым-қатынасты одан əрі нығайту мақсатында көптеген ойындар өткізіліп, қатысушылардың көңілі сергіп қалған еді. Ал екінші күні нағыз филологтарға арналған ойындар болды.Тренинг барысында "жаңалықтартар", " постер қорғау" айдарлары, «кім көшбасшы?» атты ой толғау өткізілді. Үш күнге жалғасқан бұл тренингке студенттер белсене араласты. Соңғы сəттерде барлық қатысушылар бір-бірлеріне жүректен шыққан жылы дәліздерін айтуы тренингтің жоғары деңгейде аяқталуына өз септігін тигізді. Ол студенттерді көпшілік ортада өзін-өзі еркін ұстауға үйретті.

Мақала авторы: Онкалбаева Нұрия  

Ағымдағы жылдың ақпан айының 21-23 күндері аралығында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті жаратылыстану-география факультетінің студенттеріне арналған семинар-тренинг болып өтті. Тренингті Сариева Раушан Дауылбаевна, Тажгулова Динара Захаровна, Ермағамбетова Дана Ғалымжановна, Муканаева Асем Салауатовна сынды тренерлер жүргізді. Айта кетерлік, алдағы уақытта факультет студенттеріне тренингтерді дəстүрлі түрде өткізу жоспарлы жүзеге асатын болады. Үш күнге созылған бұл тренингтің студенттерге берері мол болды. Себебі, тренинг мақсаты көпшілік ортада өзін-өзі ұстау, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру, студенттер арасында достық қарым-қатынасты нығайту, ұжыммен бірлесе отырып жұмыс атқаруға үйрету еді. Бір факультетте оқыса да, бірін-бірі танымайтын студенттер жоқ емес. Осы жайды ескере отырып, тренингтің бірінші күні танысуға бағытталды. Танысу барысында студенттердің есте сақтау қабілетін дамыту мақсатында студенттер өз-өзін емес, бір-бірін таныстыруға тиіс болды. Екінші күн көшбасшылық қабілетті қалыптастыруға арналды. Олай дейтініміз, тренингте көбіне студенттерге жекелеген тапсырмалар орындатылды. Тренинг соңында студенттер бір-біріне жылы лебіздерін білдірісті. Ал үшінші күні тренинг қорытындысы болды деуге болады. Онда студенттерді зерттеу үшін түрлі психологиялық тестілер жүргізілді. Сонымен қатар, қызығы мен қиындығы қатар жүретін əртүрлі бағыттағы тапсырмалар мен ойындар ойнатылды. Тренинг студенттердің ой-пікірі, алып-қосары мен тілектерін білдірумен қорытындыланды. Үш күн бойы серпіліс сыйлаған тренерлермен студенттер қимай қоштасты. Келесі жолы өтетін тренингтетді студенттер асыға күтіп, тағы қатысатындарын жеткізді.

Мақала авторы: Күнсұлу Абатбаева

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla