"AQJAI'YQ" телеарнасына сұқбат

Ақпан айының 14 жұлдызы қиялдарын қанаттарына байлап, армандарын арқалап келген М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінде "Мəңгілік ел жастары индустрияға!"-"Серпін-2050" бағдарламасы негізінде білім алып жатқан студенттер үшін сəрсенбінің сəтті күні болды. Олай деуіміздің себебі, күн жақсы жаңалықтармен басталды. Дəлірек айтсақ, "AQJAI'YQ" телеарнасының ұжымы студенттердің тыныс тіршілігін білу мақсатында кезекті түсірілімін жүргізді. Онда кішігірім дөңгелек үстел өтіп, аталмыш жобаның бас сардары Өнербаев Ардақ алдағы жоспарларымен бөлісіп, белсенділерге əрі қарай бағыт-бағдар берді. 

"AQJAI'YQ" арнасының жүргізушілеріне біздің белсенді студенттеріміз сұхбат берді. Олардың қатарында Оразхан Бағдат, Тұрмахан Нұрдəулет, Өнербаев Ардақ, Дүйсехан Манзура сынды өскелең ұрпаққа үлгі болатын студенттеріміз жəне бағдарламаның координаторы Тапаева Жанерке болды. Сұхбатта "Мəңгілік ел жастары индустрияға!"-"Серпін-2050" жобасының тиімді тұстары мен жастарға берер мүмкіндіктері мол екені айтылып, осы өңірде қалып жұмыс жасауға ниетті екендерін де жеткізді.

 

Мақала авторы: Онкалбаева Нурия

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla