"Достық туы мəңгілік" атты семинар-тренинг

16.02.2018 Бүгін университетімізде жаңа құрамды белсенді 1-курс студенттері қатысқан кезекті жиын болды. Бүгінгі жиын бұрынғыдан бөлек. Олай дейтініміз, осы күні алғаш рет достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында "Достық туы мəңгілік" атты семинар-тренинг өтті. 1-курстардың семинар-тренингті ұйымдастырып, жүргізуі - бұл жиынның басты ерекшелігі. Бүгінгі тренингті Аминова Асем, Абатбаева Күнсұлу жəне Нұрмахан Аружан ұйымдастырды. Алдағы апталарда да студенттер əртүрлі бағыттағы жиналыстарды ұйымдастыратын болады.

Тренинг басында сүйікті ұстазымыз Тапаева Жанерке Таулбайқызына сөз берілді. Ол 1-курс белсенділерінен зор үміт күтетінін айта келе, бастамаларына сəттілік тіледі. Семинар-трениг "Сергіту сəті", "Міндетті микрофон", "Сөйлейтін смайликтер", "Терең демал", "Санды жауап" секілді бөлімдерден тұрды. Бөлімдер негізінде əдемі ойын өрнектері көрініс тапты, қиындығы мен қызығы қатар жүретін жағдаятты тапсырмалар орындалды, қатысушылар бір-біріне ыстық ілтипаттары мен жылы лебіздерін білдірісті. Тренингке қатысушылардың белсенді түрде араласуы - жиынның жақсы өтуіне үлкен үлес болды. Қорытынды бөлімде Жанерке Таулбайқызы алдағы күнтізбелік жоспарларды талқыға салды. Студенттер өз ойлары мен идеяларын сөз жүзінде айтып қана қоймай, алдағы күндері іс жүзінде орындауды мақсат етті. Мəңгілік елдің жастары қашан да биік белестерден көрінері сөзсіз. Ендеше, тек алға!

Мақала авторы: Күнсұлу Абатбаева

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS