"Серпін" жастары алға!

Ақпан айының 9 күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінде "Мəңгілік ел жастары индустрияға!"-"Серпін-2050" бағдарламасының координаторы Тапаева Жанерке Таулбайқызы 1-курс студенттерімен жиын өткізді. Жиынға аталмыш бағдарламаның бас сардары - Өнербаев Ардақ Асқарұлы қатысты. Өткен аптада хабарлағанымыздай, "Мамандық сардарлары", оған қоса басқа да лауазымдарға сайлау жүргізілді.

Жиынға қатысқан барлық студент өздерін таныстырып, қызығушылығы мен сүйікті істерін айтысты. Нəтижесінде, басым көпшілігі шығармашылыққа, əн мен күйге, əдебиетке жақын екендігі анықталды. Əр лауазым əр студенттің икеміне байланысты берілді.

Достық қарым-қатынасты нығайту мəселесі де жиыннан тыс қалған жоқ. Алдағы уақытта осы мақсатта апта сайын жиын өткізіліп, əртүрлі бағытта пікірлер талқыланатын болады. Ендеше, көңілді сəттің куəгері болудан қалыс қалмайық!
15 мамандыққа 15 сардар тағайындалды. Алайда, оның ішінде кей студенттер өзінің емес, басқа мамандықтың сардарлары атанды. Оның өз себептерімен қатар, сардар міндеттері түсіндірілді. "Сардар лауазымын алған əр студент ережеге бағынуды өзінен бастауға тиіс. Басшы заңға бағынбаса, оның қол астындағылар да бағынбайды. Сонымен қатар, үлкен сынның астында қалады", - деді Жанерке Таулбайқызы. Сардарлардан бөлек, 6 лауазым өз иесін тапты. Атап айтқанда, "Хатшы", "Бас сардардың тəрбие ісі жөніндегі орынбасары", ""Серпін сыңғыры" айдарының редакторы", ""Серпін сыңғыры айдарының тілшісі", ""Ақиқат" ЖҚБ-ның "Серпін" студенттері арасындағы жетекшісі", ""Кəсіподақ" ЖҚБ-ның "Серпін" бойынша төрайымы". Олардың да арқалар жүгі жеңіл емес екені тілге тиек етілді. Алдағы күндегі қиыншылықтардың барлығына төтеп бере отырып, өз қызметімізді адал еңбекпен атқаруға уəде еттік. "Серпін", алға!

 

Мақала авторы: Күнсұлу Абатбаева

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla