Жатақхана кубогі

Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 1-3 күндері аралығында Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің спорт сарайында «Тұңғыш президент» күніне орай студенттер арасында «Жатақхана кубогі» атты спартакиадасы болып өтті. Спартакиадаға №2 жатақхана студенттері қатысты. Сайыс өте тартысты өтті. Әр топ өзінің спорттық киімдерімен ерекшеленді. Қараша айының 30-жұлдызы күні спартакиаданың ашылу салтанаты болды. Әрі қарай шара қыздар арасындағы волейбол турнирімен жалғасын тапты. Алғашқы сайыста өзінің мықтылығын дәлелдеген 4-қабаттың қыздары 1-орынды иеленді. Желтоқсанның алғашқы күнінде де футбол сайысында бақ сынасуға әр қабаттың тарландары барын салды. Нәтижесінде 7-қабаттың жігіттері жеңіске жетті.

Студенттер спартакиаданың соңғы күнінде қыздар аралық баскетбол, ұлдар аралық волейбол бойынша жарысты. Серпін жастарының қатысуымен өткен спартакиадада әр топтың жанкүйерлері қолдау көрсетіп отырды. Үш күнге созылған тартысты сайыстың жалпы нәтижесі бойынша 3-орынды 8-қабат, екінші орынды 7-қабат және 4-қабат иеленсе, 6-қабаттың қатысушылары өз мықтылықтарын дәлелдеп, «Жатақхана кубогіне» ие болды. «Үздік ойыншы» номинациясын волейбол турнирі бойынша Жақасай Жайықбай, ал футбол бойынша Амангелді Айбарұлы иеленді. Жабылу салтанатында «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» - «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде білім алып жатқан студенттерінің координаторы Тапаева Жанерке Таулбайқызы сөз сөйлеп, жеңімпаздарды құттықтап, арнайы сыйлықтар мен дипломдарды табыс етті.

«Жатақхана кубогі» атты спартакиаданың ашылу салтанаты

Ұлдар аралық футбол турнирі

5-қабат студенттері

Қыздар аралық волейбол жарысы

Спартакиаданың қорытынды марапаттау салтанаты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla