М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» - «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы аясында білім алушы студенттері туралы ақпарат

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» - «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы аясында білім алушы студенттері туралы ақпарат

«Мәңгілік Ел жастары – индустрияға» Мемлекеттік бағдарламасы қазақстандық жастардың, оның ішінде Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, және Маңғыстау облыстарының жас­тарын техникалық-кәсіптік білім алуға және тұғыры биік тәуелсіз елдің аса маңызды индустрияландыру бағдарламасына кең көлемде қатыстыру, жастарға тұрғыны аз солтүстік, батыс және шығыс аймақтарында тегін білім алуына мүмкіндік беру, сол өңірде жұмыс жасап, тұрақтап қалу саясатын негізге ала отырып, Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» - «Серпін 2050» әлеуметтік жобасын жүзеге асырды.

2014-2015 оқу жылынан бастап М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университет қабырғасында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» - «Серпін 2050» әлеуметтік жобасы жүзеге асып қазірге күні жоба аясында барлығы 466 студент, 15 мамандық бойынша білім алып жатыр. Жоба аясында білім алушы студенттер барлық 5 өңірдің тумасы. Атап айтар болсақ: Алматы облысынан - 5, Қызылорда облысынан – 166, Маңғыстау облысынан – 122, Жамбыл облысынан – 14, Оңтүстік Қазақстан облысынан – 159 студент Батыс өңірінде біліммен қатар қоғамдық өмірге белсене араласып келеді. Студенттердің сұранысы бойынша барлығы жатақханамен қамтылды.

Студенттердің арасында достық қарым-қатынас орнату, белсенділіктерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін шыңдау барысында университетшілік, облыстық «Аламан» фестивалі дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Сонымен қатар «Серпін» жастарының қатысуымен Қала күні мерекесі, 1 қыркүйек «Білім күні» мерекелік жиыны, 1 курс студенттерімен «Серпін - Нұрлы болашақ жолында!» атты концерттік бағдарлама, 1 курс студенттерін қатарға қабылдау кеші, «СерпінLIFE» жобасы, университеттің агробиостанция демалыс орталығында студенттердің демалыс күнін ұйымдастыру мақсатында «Дені сау ұрпақ - дені сау ұлт» тақырыбында эстафеталық жарыс, студенттерге тәрбиелік мәні зор бейнефильмдер көрсетіледі.

Университеттің оқуда үздік, біліммен қатар қоғамдық өмірде белсенділік танытып жүген, ғылымда, спортта облыстық, республикалық деңгейде жеңімпаз атанып, мамандығы бойынша олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарының жеңімпаздары, «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында білім алушы «бастауышта оқытудың әдістемесі мен педагогикасы» мамандығының 4 курс студенті Жанұзақ Ақтоты, «биология» мамандығының 3 курс студенті Ақтанова Самал, «география» мамандығының 4 курс студенті Тұрлыманова Сымбат Қазақстан Республикасының Президенті атындағы шәкіртақыны иемденді.

1.Қыркүйектің 2-ші жұлдызында Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде алғашқы «Білім күні» аталып өтті. Алғашқы білім күні «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»-«Серпін»әлеуметтік жобасы бойынша Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде білім алып жатқан серпін жастары үшін ерекше күн болды. Бұл күні отбасынан, туған жерінен алғаш рет жырақтап, университет табалдырығын «студент» ретінде алғаш рет аттағалы тұрған бірінші курс студенттерінің жүректерінде қобалжу болса,алғашқы серпіннің бітіруші түлектерінің жүректерінде қимастық сезім тұрды. Бүгінгі күні тамаша концерттік бағдарлама қойылып,университет белсенділерімен таныстырылып, 85жыл қойнауындағы толағай жетістіктер жайлы сөз қозғалып өтті. Әр адамның жадында ерекше естеліктерімен жатталып қалған студенттік өмір ешқашан ұмытылмайды. 1курс студенттеріне қызығы мен шыжығы мол сол бір төрт жылды кереметтей өткізуіне тілектеспіз.

«Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»-«Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша білім алатын студенттердің бас сардары Өнербаев Ардақ Асқарұлы

2. 2017жылы қыркүйек айының 8 күні Ақ Жайықтың төрінде орналасқан, ақындар мен батырлардың еліне айналған Орал қаласының туылған күні аталып өтті. «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»-«Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша Батыс Қазақстан облысы,Орал қаласы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде білім алып жатқан серпін жастарынан құралған топ «Қала күні»мерекесіне байланысты өткізілген шараға белсене қатысып, «Мәңгілік ел»атты қойылымда өнер көрсетті. Студенттеріміздің биіне тәнті болған қала халқы өз қошеметтерін аямады.

3. 2017 жылдың 7 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2017 жылы 5 қаңтарда бекітілген жоспардың 31-тармағына сәйкес «Мәңгілік ел жастары индустрияға!» - «Серпін 2050» әлеуметтік жобасы бойынша білім алушы студенттерінің арасында Маңғыстау облысы, Актау қаласында «Каспий Серпін толқыны» атты іс-шара өткен болатын. Сол шараға М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, физика математика факультеті, «информатика» мамандығының ІІІ курс студенті («Серпін» грант) Рахметов Бауыржан Талғатбекұлы, физика математика факультеті, «физика» мамандығының ІІІ курс студенті («Серпін» грант) Жаңабай Асылтас Маратқызы қатысып сертификат иемденді.

4. 14 қыркүйек күні 2017-2018оқу жылының «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»-«Серпін»әлеуметтік жобасы бойынша Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде білім алып жатқан серпін жастарының биылғы оқу жылындағы алғашқы жиналысы болып өтті. Студенттік өмірдің алғашқы он күндігі серпін жастары үшін ерекше аталып өтті.Әсіресе,биыл студент атағына ие болған жас талапкерлер үшін де өте керемет күндердің біріне айналды.Бұл күн,серпін жастарының жиналып отырған алғашқы бас қосуы,яғни бүгін 1курс студенттерінің осы уақытқа дейін талай биік белестерді бағындырған майталман аға-әпкелерімізбен танысу күні деп атап өтуге де болады.Сонымен қатар,бұл жай ғана танысу ғана болып қойған жоқ,атап кетсек,жас буындар өзінің бойына тәртіп,білім,белсенділік деп аталатын 3 талапты жауапкершілікпен мойнына арқалады. Осындай үлкен жауапкершілікпен ортаға шыққан биылғы студенттеріміздің қатары қуанышымызға орай көбейе түсті. Жиналыста 1курс студенттеріне серпін жайлы,университет жайлы және де белсенділік өмір туралы мағлұматтар берілді.

5. Ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»-«Серпін»әлеуметтік жобасы бойынша Батыс Қазақстан облысы,Орал қаласы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде білім алып жатқан серпін жастары «Адал бол»акциясында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің директоры Салауат Сыйлыбайұлымен кездесті.

6.Қыркүйек айының 15 жұлдызында Орал қаласының белсенді студенттерінің қатысуымен Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Рухани жаңғыру»жалпыреспубликалық акциясы өткен болатын. Акцияға «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»-«Серпін»әлеуметтік жобасы бойынша Батыс Қазақстан облысы,Орал қаласы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде білім алып жатқан бірқатар белсенді серпін жастарымызда қатысты.Сонымен қатар өр рухты Махамбеттей бабамыздың атымен аталатын Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Педагогика факультетінің 4курс студенті,Н.Ә.Назарбаев атындағы атаулы шәкіртақы иегері, серпін белсендісі, болашақ түлегіміз Жанұзақ Ақтоты университетіміздің атынан сөз сөйлеп,жастарымыздың Рухани жаңғыруды қолдайтыны жеткізді.Акция өз дәрежесінде кереметтей болып өтті.

7. 2017жылы қыркүйек айының 20 жұлдызында Орал қаласындағы жастар шығармашылық орталығында «Рухани жаңғыру»атты республикалық жастар акциясы болды.Акцияға жүзден астам адам қатысты.Соның ішінде . «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»-«Серпін»әлеуметтік жобасы бойынша Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде білім алып жатқан серпін жастарымызда бар.Дәл осындай шара еліміздің 15өңірінде де өз жалғасын тауып жатыр.Жалпыреспубликалық акция 22 қыркүйекке дейін жалғасып,4 бағыт бойынша өтті. Олар білім, асар, тағзым және өнер.Іс-шараның мақсаты-Елбасының «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру»атты бағдарламасына қолдау білдіру.Студенттер қазақша ойындарды дәріптеп, оза шыққандар жүлделі орын алды.

8.Қыркүйек айының 25-ші жұлдызында «Серпін апталығы»аясында өтіп жатқан сайысымыздың кезекті бір кезеңі болып өтті.Сайысқа«Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»-«Серпін»әлеуметтік жобасы бойынша Батыс Қазақстан облысы,Орал қаласы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде білім алып жатқан 1курс студенттері қатысты.Бүгінгі күнді қатысушыларымыз университетіміздің мұражайымен танысуға арнады. Бұл кезеңімізде қатысушылар алтын уақыттарын тиімді әрі пайдалы іске жұмсады. «Өткенді білмей,болашаққа қадам баса алмайсың»демекші бұл сайыста қатысушылардың өз тарихын білуге деген құлшынысына,ұжымшылдығына тәнті болдық .Бүгінгі сайыста барлық қатысушыларымыз жоғарғы баллға ие болды.

2017жылы қыркүйек айының 28 күні қаламыздың орта және жоғарғы оқу орындары студенттерінің қатысуымен «Бозбала мен бойжеткен»сайысы болып өтті.Өр рухты Махамбеттей бабамыздың атымен аталатын Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің мыңдаған студенттерінің арасынан біздің «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»-«Серпін»әлеуметтік жобасы бойынша Батыс Қазақстан облысы,Орал қаласы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде білім алып жатқан серпін белсенділері Әбілеков Бекжан мен Шакирова озық шығып,университетіміздің намысын қорғап шықты. Бекжан ер жігітке лайық өр мінезімен әділ-қазылар мен көрермендерді тәнті етсе, ал Мадина қызымыз қазақ қызына тән биязылығымен көрермендерді өзіне баурап алды. Екі күнге созылған сайыстың қорытындысы бойынша біздің студенттеріміз жүлделі екінші орынға ие болды.

10. Ақ жайықтың төрінде орналасқан өр рухты Махамбеттей бабамыздың есімімен аталатын Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 85жылдық мерейтойына орай «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»-«Серпін»әлеуметтік жобасы бойынша Батыс Қазақстан облысы,Орал қаласы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде білім алып жатқан бірқатар белсенді студенттерімізге арнайы төс белгілер мен сыйлықтар табыс етілді.;

11.Қазан айының 26-27жұлдызы күндері облыстық «Аламан-2017»байқауы болып өтті.Екі күнге созылған байқауда серпін жастарының намысын қорғаған студенттеріміздің қанжығалары майланып,жүлделі орындарға ие болды.Атап айтар болсақ,спорттық жарыстар бойынша:

«Тоғызқұмалақ»сайысынан 1-орын;

Қыздар арасында өткен волейболдан 2-орын;

Футболдан 2-орын;

Пікірсайыс турнирінен жалынды-жалынды сөздерімен «Найзағай-Намыс» фракциясы Жанұзақ Ақтоты мен Маратқызы Перизат 1-орын;

«Эстрадалық ән»сайысы бойынша Ниязбай Айнұр 1-орын;

«Патриоттық ән»байқауы бойынша Чарыкулыева Камила 1-орын;

Мың бұралған биші қыздарымыздан құралған «Қазақ биі»1-орын;

Көркем сөз оқу сайысы бойынша 2-орын;

«Мамандығым-мақтанышым»атты видеоролик сайысы бойынша 2-орын;

Жайдарман сайыстары бойынша жігіттеріміз жүлделі екінші орынға ие болды.Биылғы жыл өткен жылға қарағанда студенттеріміз үшін табысты жылболды.Жүлделі орынға ие болған барша студенттерге серпін жастарының атынан құттықтау лебізімізді білдіреміз!

12. Қыркүйек айының 20-21 жұлдызы күндері Астана қаласындағы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында» еліміздің түкпір-түкпірінен келген белсенді жастардың қатысуымен екі күндік «Әлемді өзгерткен идеялар»атты семинар тренинг өткізілді.Екі күнге созылған тренингті философия ғылымының профессоры Телебаев Ғазиз өткізді.Семинар-тренингтің мақсаты- Елбасының «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру»атты жолдауының жастар тарапынан қолдау табуы. Бұл шараға«Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»-«Серпін»әлеуметтік жобасы бойынша Батыс Қазақстан облысы,Орал қаласы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде білім алып жатқан бірқатар белсенді студенттеріміз қатысып,өз ойларымен бөлісіп қайтты.Атап айтар болсақ, «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»-«Серпін»әлеуметтік жобасы бойынша Батыс Қазақстан облысы,Орал қаласы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде білім алып жатқан серпін жастарының бас сардары Өнербаев Ардақ,Тарих мамандығының сардары Тұрмахан Нұрдәулет,География мамандығының сардары Жаңбырбай Әділет өз мүмкіншіліктерін пайдалана отырып,алған тәжірейбелерін серпін жастарымен бөлісті.

13. 2017 жылдың 24-26 қазан күндері «Мәңгілік ел жастары индустрияға!» - «Серпін 2050» әлеуметтік жобасы аясында білім алушы студенттердің көшбасшылық, кәсіпкерлік қасиеттерін және бизнес жоспарлау дағдыларын дамыту сондай-ақ жастарды мәдени-тарихи орындармен таныстыру мақсатында «Discovery – Бурабай» сауықтыру лагерінде (Щучинск қ.) Республикалық көшбасшылар семинары өтті. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, филология факультеті, «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының ІІІ курс студенті («Серпін» грант) Серік Жұбаныш Бауыржанұлымен жаратылыстану-география факультеті, «бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының ІІІ курс студенті («Серпін» грант) Молданбаева Дания Мәдиқызы қатысып келген болатын.

14. 25-27 қыркүйек күндері Өскемен қаласында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы ХІІІ еңбек маусымының жабылу салтанатына физика математика факультеті, «математика» мамандығының 4 курс студенті («Серпін» грант) Қаржауова Әсемгүл Қазиқызы, физика математика факультеті, «информатика» мамандығының 4 курс студенті Құсайын Наурызғали Ермекұлы, физика математика факультеті, «физика» мамандығының 2 курс студенті Базаров Мейірбек Дарханұлы қатысып, Қаржаубаева Әсемгүлдің жетекшілігімен құрылған «Еріктілер» командасы респуликалық «Үздік команда» номинациясының жеңімпазы атанды.

15 ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдаған «Рухани жаңғыру» атты бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және университетіміздің 85 жылдық мерейтойына орай 30.09-1.10.2017 күндері «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» - «Серпін 2050» әлеуметтік жобасымен оқуға түскен студенттер арасында ұйымдастырылған «Серпін» апталығының қорытындысы және І курс студенттерін қатарға қабылдау мақсатында университеттің демалыс орталығында өткізген болатын.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS