«Аламан 2016» күзгі байқауының ІІ күні

2016 жыл қарашаның 6 жұлдызы. Бұл күн біздің жадымызда жатталған, тарихымызда сақталған күндердің бірі. Себебі бұл күнде біздің жеткен жетістіктеріміз бен алған асуларымыз мақтанарлықтай. Біз өз оқу ордамызды сонда білім алып жатқан талантты әрі өнерлі жастарымызды мақтан тұтамыз."Шын талантқа шаршы алаңда тұсау жоқ"- демекші, бүгінгі "Аламан" фестивалінің екінші күнінде өткізілген іс - шаралар бойынша, Ұлттық қазақ биі сайысынан мың бұралған ару қыздарымыз жүлделі II орынға ие болса, Заманауи биден III орынға ие болды.

Сонымен қатар, ұлттық домбыра аспабы сайысынан тарих мамандығының I курс студенті - Сәтова Ақерке қызымыз I орынға ие болды. Ал көрермендердің ерекше ықыласына бөленіп, оларға керемет көңіл - күй сыйлай білген ұлдарымыз Жайдарман сайысынан жүлделі I орынға ие болды. Сондай-ақ серпіннің жалынды сардары - Өнербаев Ардақ Жалынды сардар сайысында осы күнге дейін атқарылып келген шаралар бойынша айта кетіп,әділ-қазы алқаларының қойған сұрақтарына жауап беріп, II орынды иеленді. Киелі ордамыздың намысын қорғаған жалынды жастарымыз ешкімге дес берген емес. Студенттерімізді қолдап келіп отырған жанкүйерлеріміздің өзі қатысушыларды жігерлендіріп отырды. Біз бәріміз біріміз үшін ал біріміз бәріміз үшін топтасқан БҚМУ-дың айбатты серпін жастарымыз! Алдағы өтілетін Республикалық бәйгеде студенттерімізге сәттілік тілейміз!

Автор: «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының І курс студенті Әбдіхан Айдан

11-33 11-34 11-35 11-36

 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS