«Аламан 2016» күзгі байқауының І күні

Бүгін көптен күткен "Аламан - 2016" күзгі фестивалдің алғашқы күні өз мәресіне жетті. Бүгінгі күнге белгіленген сайыстарымызда, жаңа оқу жылымыздың жас буындары үкілеген үмітімізді ақтап, жүлделі орындармен киелі оқу ордамыздың намысын көкке өрлетіп қайтты. Сондай-ақ спорттың түрі - Волейболдан қыздарымыз жүлделі I орынға ие болды, баскетболдан ІІ орын, ал тоғызқұмалақ бойынша тарих мамандығының студенті атанған - Сәтова Ақерке қызымыз жүлделі III орынды иеленді.

Ал студенттердің көптеген ізденімпаздылығын талап еткен сайыстарымызда, оның ішінде әлеуметтік жобадан қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының I курс студенті - Әбдірәсіл Дина қазіргі біздің жаңа оқу жылымыздың жаңалығы "СерпінLife" жобасын қорғап, жүлделі I орынға ие болды. Сондай-ақ, "Мені шыңдаған - Серпін" атты сайыста қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенті - Қасымбеков Әзірет III орынды иеленсе, география мамандығының студенті әрі сардары, "СерпінLife" жобасының қатысушысы - Жаңбырбай Әділет "Серпін-Start-up" сайысында өзінің қолынан шыққан ерекше голограммасын жұртшылыққа таныстырып қана қоймай оны іс жүзінде жүзеге асырамын деп алдына мақсат қойып келген студент жүлделі II орынға ие болды. "Менің мақтан тұтар мекендерім" тақырыбында өзінің мақтан тұтар мекендерін көркем презентация және ерекше өлең шумақтарымен дәлелдей білген - қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенті, "СерпінLife" жобасының ұйымдастырушысы - Оразхан Бағдат жүлделі I орынды иеленді. "Мамандығым - мақтанышым" атты эссе байқауында өзінің жүрек қалауы бойынша таңдаған мамандығын ақ параққа жеткізген тағы да қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенті, "СерпінLife" жобасының ұйымдастырушысы - Әбдіхан Айдана жүлделі III орынды иеленді. "Пікір-сайыс" бойынша математика мамандығының I курс студенті және III курстың студенті - Жанұзақ Ақтоты жүлделі I орынға ие болды. Бұл күнде студенттеріміз жеңістен құр қалған жоқ. Ал ертеңгі өтетін фестивальдің де жеңіспен аяқталуына бәріміз бір үйдің баласындай қолдау көрсетейік. Бүгінгі жүлде иегерлерін шын жүрекпен құттықтаймыз.

11-28 11-29 11-30 11-31

 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS