«Серпіліс» зияткерлік сайысы

Қарашаның 2-ші жұлдызы күні өткен "СерпінLife" жобасының VII кезеңі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, "Серпіліс" зияткерлік сайысы деп аталды. Бұл сайыс 7 кезеңнен тұрды. Әр кезең өз шарттары бойынша тартысты өтті. Яғни, алдыңғы шараларда біз қатысушылардың түрлі өнеріне тәнті болсақ, біз бұл шарада - білікті бірді жыққан, білімді мыңды жыққан студенттердің білімін сынау мақсатында ұйымдастырдық.

Сайыстың алғашқы кезеңінен-ақ әр қатысушы өзінің біліктілігін, білімділігін, ұтқырлығын көрсете білді. "Бақ шаба ма, әлде, бап шаба ма" деп басталған бұл сайысымыздың әр кезеңінде - тәуелсіздік туралы, университет тарихы туралы сонымен қатар спорттың түр - түрінен сұрақтар қойылды. Әр мамандық арасынан іріктеліп алынған қатысушылар сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап қайырды. Ең қызығы бұл сайыстың "Полиглот" кезеңінде болды деп айтсақ, ақиқатқа жақын болары анық. Себебі бұл кезеңде қатысушыларға берілген тапсырмада тәжірибелік жұмыстар жасап көрді. Сайыс соңында яғни, шешуші кезеңінде "Бинго" ойнатылды. Бұл сайыс әр қатысушы үшін қызықты сәт болып, жадында сақталып қалды.

11-19 11-20 11-21 11-22 11-23 11-24 11-25 11-26

 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS