"СерпінLife" қатысушылары Асан ауылында

Қазан айының 30-шы жұлдызы "СерпінLife" жобасының 5-ші шарасы қазақтың ұлттық ойындарына келіп жетті. Яғни, бұл ойында ең бірінші болып, Орал қаласының маңында орналасқан "Асан" атты ауылында "Ат бәйгесі" болып өтті. Сондай-ақ бұл ойында БҚМУ киелі ордасынан келіп отырған Серпін жастары - жалдарынан жел есіп, атқан оқша зулаған "Асан" ауылы сәйгүліктерінің қарымын осы дүрмекте сынап көрді.

Ұлттық ат спорты түрлерінен өткізілетін кезекті дүбірлі шарада, ата-дәстүрімізді насихаттап, дамытуға үлес қосуға келген қатысушыларға ризашылығымызды білдіреміз. Құнан бәйге аяқталғаннан кейін, кезекті "Асық" ойынына келді. Ол ойында әр командадан 1 ұл, 1 қыз қатысты. Белгіленген ара-қашықтықта асықтар қойылды. Әрбір қатысшуға 5 рет мүмкіндік берілді. Ал сол 5 мүмкіндік арқылы көзделген асықты ату керек. Әрбір құлатылған асыққа 1 ұпайдан есептелінді. Ал кейінгі ойындар - "Қол күресу", "Дойбы" ойындары және ұлттық сал-дәстүрге байланысты сұрақтар, мақал-мәтелдер, киелі "жеті" санына қатысты жалғаулар туралы анықтама беру секілді тапсырмалармен шара жалғасын тапты. Қазақтың ұлттық ойындарына әрбір қатысушы студенттер белсене қатысты.

11-6 11-7 11-8 11-9 11-10

 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS