"СерпінLife" қатысушылары қойылымдар әлемінде

"СерпінLife" жобасының кезекті төртінші сайысы Орал қаласының Қазақ драма театрында өтті. 

Қоғамды жаңартуда театрдың атқарар рөлі зор. Театр - қоғамның ұстазы, ақылшысы, жақсылыққа жол бастаушы. Осы тұрғыдан келгенде, қазақ театрларының қазіргі өмірімізге жасар ықпалы өте зор. "СерпінLife" жобасының кезекті күнін қойылымға арнау себебіміз - әр студент атауының бойына тек спорт қана емес, сонымен қатар, рухани дүние қажет деп ойлаймыз.

Бұл сайысымыз екі күнге белгіленген болатын. Алғашқы қойылымы - арнайы Алматы облысынан келіп отырған "Естайдың Қорланы" атты қойылым. Бұл махаббатнама - ғұмыр бойы таза, адал да пәк ғашықтық сезімдерін аялай білген қос мұңлық - Естай мен Қорлан жайындағы қойылым дастан. Осы спектакль әр көрерменнің жан дүниесіне астан - кестен түрлі күйлерді келтіріп, махаббат әлемінің құдіретіне бас идірері хақ. Ал келесі күні өткен - "Адасқан бақ құсы" атты қойылым. Аты айтып тұрғанындай - ақ бұл қойылымда студенттер әрі тамашалап, әрі сабақ алып қайтты. Әр адамзат баласы басына қонған бақты да, тақты да бағалай білуі қажет. Сол үшін "СерпінLife" жобасы, қатысушыларын жаңа қойылымды көріп, көңіл көкжиегін кеңейтіп, жан сарайымен бір серпілтіп, рухани байып қайтуға шақырды. Спектакль көрермендердің зор ықыласымен қабылданды. Қойылым аяқталған уақытта студенттер тьюторларымен бірге естелікке суретке түсті.

11-1

11-1

11-1

11-1

11-1

 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS