«Аламан 2016» фестивалі

9-06-12016 жылы 13-14 мамыр күндері Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің  ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел жастары- индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Батыс Қазақстан облысында білім алушы жастар арасында  облыстық «Аламан 2016» фестивалі өтті. Фестиваль мақсаты- мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастар белсенділігін арттыру, жастар арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мен шығармашылық қабілетін арттыру, олардың әлеуметтік бастамаларына қолдау жасау.

9-06-2 9-06-3 Шара 13 мамыр күні «Серпін Іскер Жастар» тақырыбында «Serpin-Start-Up»  жаңа бизнес жобасы байқауы, «Болашақтың мамандығы қандай?» тақырыбы бойынша өз мамандығының болашақ мамандығы екенін дәлелдейтін жоба байқауы, «Жаңа серпіліс» тақырыбында әлеуметтік жоба байқауымен басталып,  «Шағын футбол», «Волейбол», «Тоғызқұмалақ», «Арқан тартыс» сынды спорттық ойындарымен жалғасын тапты. 14 мамыр күні «Мамандығым–мақтанышым!» тақырыбында үздік фото-репортаж  байқауы, «Менің мақтан тұтар мекендерім!» тақырыбында үздік видео-репортаж байқауы, «Жалынды Сардар» байқауы, «Ұлттық би» байқауы,  «Заманауи би» байқауы,  «Эстрадалық ән» байқауы,  «Жайдарман» ойындары өткізілді. Батыс Қазақстан облысына аталған бағдарламамен келген студенттер өз белсенділіктерін жоғары деңгейде көрсете білді. Намысқа тырысып, оқу орнының абыройын асқақтатуға күш-жігерін аянбай жұмасаған «серпіндіктер» патриот ұрпақтың буыны екенін аңғартты. Қатысушылардың белсенділігі, жеңіске деген ұмтылысы көңіл қуантатындай. Байқауда бақталасқан  студенттерге қолдау көрсетіп, жігерлендірген көрермендер де жалынды жастығын дәлелдегендей.

9-06-59-06-4 9-06-6

Облысымызда 8 оқу орнында «Серпін» бағдарламасы жүзеге асып келеді. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университететіндегі «Серпін» командасының нәтижесіне келетін болсақ, «Серпін Іскер Жастар» тақырыбында «Serpin-Start-Up»  жаңа бизнес жобасы байқауында ІІ орын, «Болашақтың мамандығы қандай?» тақырыбы бойынша өз мамандығының болашақ мамандығы екенін дәлелдейтін жоба байқауында ІІ орын, «Жаңа серпіліс» тақырыбында әлеуметтік жоба байқауында І орын, «Шағын футбол» І орын, «Волейбол» І орын, «Тоғызқұмалақ» І орын, «Арқан тартыс» ІІ орын, «Мамандығым–мақтанышым!» тақырыбында үздік фото-репортаж  байқауында ІІ орын, «Менің мақтан тұтар мекендерім!» тақырыбында үздік видео-репортаж байқауында ІІ орын, «Жалынды Сардар» байқауында ІІ орын, «Ұлттық би» байқауында ІІ орын,  «Заманауи би» байқауында ІІ орын,  «Эстрадалық ән» байқауында І орын,  «Жайдарман» ойынында І орынға  ие болды. Байқау мақсаты- Батыс Қазақстан облысындағы «Серпін» бағдарламасымен білім алушы жастардың басын қосу болса, сол мақсат өз үдесінен шыға білді. Спорттық шаралар мен шығармашылық байқауда бағын сынап, көрермендері мың қызыққа куә болып, тамашалап бір серпіліп қалған «серпіндікдер» риза көңілмен тарқасты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS